Этиологиясы
|
Көптеген жағдайларда белгісіз. ЖДҚБО-мен балалар мен жасөспірімдердің Чернобыль авариясынан кейін йод тапшы аймақтарда сырқаттану көрсеткішінің жоғарылауы анықталды. Медуллярлы обыр кезінде- RET-протоонкогенінің мутациясы
|
Патогенезі
|
Жоғары дифференцирленген ҚБО баяу өсу мен кеш метастаз берумен, ал медуллярлы және анапластикалық рак агрессивті ағыммен сипатталады
|
Эпидемиологиясы
|
Жылына 100 000 халыққа 1 жағдай анықталады; 90–95 % жағдайда— жоғары дифференцирленген (папиллярлы, фолликулярлы) обыр; 1–4 % түйінді жемсаудың нозологиялық құрылымында
|
Басты клиникалық көрінісі
|
Көптеген жағдайларда пальпация немесе УДЗ арқылы анықталған түйінді жемсау. Сирек: компрессиялы синдром, мойындағы немесе алыс метастаздар болуы
|
Диагностикасы
|
УДЗ және жіңішке инелі аспирациялы биопсия
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Түйінді жемсаумен дамитын басқа аурулар
|
Емі
|
ЖДҚБО: тиреоидэктомия + 131I терапия + супрессивті терапия L-T4 + тиреоглобулин деңгейінің мониторингі. Медуллярлы және анапластикалық ҚБО— тиреоидэктомия + комбинирленген мойын лимфаденэктомиясы
|
Болжамы
|
ЖДҚБО болжамы қолайлы (10-жылдық өмір сүру көрсеткіші >95%), анапластикалық ҚБО болжамы нашар
(5-жылдық өмір сүру көрсеткіші 7 %)
|