2. Этиологиялық диагностика. Екіншілік гипокортицизм себебі анамнездік мәліметтер бойынша анықталады (гипофиз аденомасы, гипофизге жасалынған операциялар және т.б.). Қажет болған жағдай гипофиз МРТ-сі орындалады.
Салыстырмалы диагностикасы
Меланодермияның басқа себептері (гемохроматоз, склеродермия, хлоазма, интоксикациялар (мышьяк, күміс), мальабсорбция синдромы, Пейтц-Джегерс синдромы, жүдеу (тиреотоксикоз, ісіктер және т.б), гипотония, диспепсиялық бұзылыстар.
Емі
Өмір бойы кортикостероидтармен орынбасушы терапия тағайындалады. Диагнозды қойғаннан кейін гидрокортизон көктамырға немесе бұлшықетке енгізіледі (100–150 мг/тәу 2–3 егу). Гидрокортизон терапиясымен оң айқын әсер диагноздың дұрыс қойылғандығының айғағы. 1-СБҮБЖ-мен сырқаттанған науқастың жалпы жағдайы қалыптасқаннан кейін үстемелі терапия тағайындалады: глюко- және минералокортикоидты белсендігі бар дәрілерді араластырып беру (4.6 кесте).
4.6 кесте. Созылмалы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігінде тағайындалатын орынбасушы терапия
Достарыңызбен бөлісу: |