6.9 кесте. Гинекомастия
Этиологиясы
|
Физиологиялық (неонатальды, жасөспірімділік), дәрілік препараттар (эстрогендер, спиронолактон, алкоголь, наркотиктер), ісіктер (эстроген- және ХГ-өндіруші), эндокринді аурулар (тиреотоксикоз, Кушинг синдромы), жүйелік аурулар (бауыр циррозы) және т.б
|
Патогенезі
|
Эстрогендердің абсолютті немесе салыстырмалы артықшылығы
|
Эпидемиологиясы
|
Пубертатты гинекомастия — 13–14 жас аралығында сау ер балалардың 50–70 %-да көрініс береді. 30жастан кіші ер адамдардың 30 %-да, ал 45 жастан асқан ер адамдардың 50%-да дамиды
|
Басты клиникалық көріністері
|
Көкірек безінің ұлғаюы, ауырлық сезімі, көкірек безі ұштарының тітіркенуі
|
Диагностикасы
|
1. Көкірек бездерінің, аталық бездерінің пальпациясы, гипогонадизм, жүйелік аурулар.
2. Тестостерон, эстрадиол, ЛГ, ФСГ, пролактин,
ЖГБА, ХГЧ, бауырлық трансаминазалар.
3. Көкірек және аталық бездердің УДЗ-сі
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Көкірек безінің қатерлі ісігі, жалған гинекомастия, гинекомастияның даму себептерін анықтау
|
Емі
|
1. Неонатальды және пубертатты гинекомастия емдік шараларды қажет етпейді және өздігімен жазылады.
2. Мүмкін болса — гинекомастия дамытқан себеп түрткіні жою.
3. Косметикалық мәселелер мен\немесе көкірек безі ұштарының тітіркенуіне байланысты тұрақты сақталған гинекомастия кезінде мастэктомия жасалынады
|
Болжамы
|
Неонатальды және пубертатты түрлерінде болжамы — қолайлы. Басқа жағдайларда гинекомастияның дамуына әкелген себептерге тәуелді
|
Достарыңызбен бөлісу: |