Клиникалық көрінісі Эрекцияның бұзылуы гипогонадизм симптомдарымен немесе эректильды дисфункцияның дамуына әкелетін сырқаттардың симптомдарымен ұштасады (6.3 бөлімді қараңыз).
Диагностикасы 1. Анамнез. Эректильды дисфункцияның басталу уақытын, ұзақтығын және үдемелі дамуын (кенеттен басталуы психогенді дисфункцияға тән), түнгі және таңғы эрекцияның болуын (аталған симптомдардың көрініс бермеуі дисфункцияның органикалық табиғатты екенін көрсетеді), гипогонадизм симптомдарын (либидо төмендейді) анықтайды. Қабылданатын алкоголь көлемі, психобелсенді заттар мен дәрілік препараттар саны сұрастырылады.