Эндокринология


Толық қандағы глюкоза деңгейі, ммоль/л



бет273/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   435
Байланысты:
document

Толық қандағы глюкоза деңгейі, ммоль/л

Қан сарысуындағы глюкоза деңгейі, ммоль/л

венозды

капиллярлы

венозды

капиллярлы

Қантты диабет

аш қарынға

≥ 6,1



6,1



≥ 7,0

≥ 7,0



2 сағ. кейін

≥ 10,0

11,1



≥ 11,1



≥ 12,2

Глюкозаға толеранттылық
бұзылысы

аш қарынға

< 6,1



< 6,1



< 7,0

< 7,0



2 сағ. кейін

≥ 6,7
< 10,0

7,8
< 11,1

≥ 7,8
< 11,1

≥ 8,9
< 12,2

Ашқарындағы гликемияның бұзылысы

аш қарынға

≥ 5,6;
< 6,1

5,6;
< 6,1

≥ 6,1;
< 7,0

≥ 6,1;
< 7,0

2 сағ. кейін

< 6,7

< 7,8

< 7,8

< 8,9

ҚД диагностикасында аса маңызды және ақпаратты сынақ аш қарынға гликемияны анықтау болып табылады (кем дегенде 8 сағат ашығудан кейін). Гликемия деңгейі әдетте толық қан құрамында бағаланады. Кейбір мемлекеттерде қан плазмасындағы глюкоза деңгейі анықталады. Ал глюкозаға толеранттылық сынағы бұл тұрғыда аса маңызды емес (ОГТС; суда ерітілген 75 грамм глюкозаны ішке қабылдаған соң 2 сағаттан кейін ашқарынға глюкоза деңгейі анықталады). Бірақ, ОГТС негізінде глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы (ГТБ) диагностикаланады. ГТБ аш қарынға капиллярлы қанда глюкоза мөлшері 6,1 ммоль/л аспаса, глюкоза жүктемесінен 2 сағаттан кейін 7,8 ммоль/л–дан жоғары, бірақ 11,1 ммоль/л-ден төмен болғанда диагностикаланады. Көмірсу алмасуы бұзылысының басқа түріне ашқарынға гликемияның бұзылысы (АҚГБ) жатады. Аш қарынға гликемия бұзылысы кезінде толық капиллярлы қанда аш қарындағы гликемия деңгейі 5,6–6,0 ммоль/л арасында, ал глюкоза жүктемесінен 2 сағаттан кейін 7,8 ммоль/л-ден аспайды. ГТБ мен АҚТБ қазіргі таңда предиабет терминімен біріктіреледі, бұл науқастардың екі тобында да ҚД-нің манифестациясы және диабеттік макроангиопатияның даму қаупі жоғары болады.


ҚД диагностикасында гликемия деңгейі стандартты зертханалық әдіспен анықталады. Гликемия көрсеткіштерін интерпретациялау барысында аш қарынға венозды қандағы глюкоза деңгейі капиллярлы қандағы глюкоза деңгейіне сәйкес келетінін естен шығармау керек. Тағам қабылдағаннан немесе ОГТС кейін глюкоза деңгейі капиллярлы қанмен салыстырғанда венозды қан құрамында 1,1 ммоль/л төмен болады. Ал қан сарысуында глюкоза мөлшері қанмен салыстырғанда 0,84 ммоль/л-ге жоғары болады. ҚД терапиясының компенсациясы мен адекваттылығын бағалау мақсатында гликемия деңгейі капиллярлы қанда науқастың өзі немесе оның туыстары мен медициналық қызметкерлер көмегімен портативті глюкометрлер арқылы анықталады.
ҚД кез-келген түрінде немесе аздаған глюкозамен жүктеме кезінде біріншілік несепте глюкоза реабсорбциясының табалдырығы жоғарылағанда глюкозурия көрініс береді (9–10 ммоль/л). Глюкозурия көрсеткішін диагноз қоюда қолданбау қажет. Қалыпты жағдайда глюкозурия тек, рафинирленген көмірсулар мен тағамдық жүктемеден кейін ғана кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет