7.3 сурет. Глюкоза әсерінен инсулиннің екі кезеңді бөлінуі
7.3 сурет
Время, час- Уақыт, сағат
1-я фаза быстрая- 1-ші кезең (жылдам)
2-я фаза медленная-2-ші кезең (баяу)
Введение глюкозы- Глюкозаның енуі
Инсулинемия мЕД/л- Инсулинемия, мБР/л
|
Бұл секреция тағамдық және базальдық болып ажыратылады. Инсулиннің тағамдық секрециясы глюкозаның постпрандиальды (тамақтан кейін) көтерілуіне сәйкес, оның нәтижесінде тағамның гипергликемиялық әсері бейтараптанады. Тағамдық инсулиннің көлемі қабылданған көмірсулар көлеміне сай келеді- шашамен 1–2,5 БР 10–12 г көмірсуға (1 нан бірлігі — НБ). Инсулиннің базальды секрециясы тағам қабылдау арасындағы және ұйқы кезіндегі гликемияның оңтайлы (тұрақты) деңгейі мен анаболизмін қамтамасыз етеді. Базальды инсулин 1 БР/сағ жылдамдықпен секрецияланады, ұзақ физикалық жүктеме немесе ашығуда оның жылдамдығы айтарлықтай төмендейді. Тағамдық инсулин тәулік бойы бөлінетін инсулиннің 50–70%-ын құрайды (7.4 сурет).
7.4 сурет. Қалыпты жағдайда бөлінетін тәуліктік инсулиннің сызбасы
7.4 сурет
Базальная секреция- Базальды секреция
Время суток, часы- Тәулік уақыты, сағаттар
Концентрация инсулина в сыворотке, нг/мл- Сары судағы инсулин концентрациясы, нг/мл
Завтрак- Таңғы ас
Обед- Түскі ас
Ужин- Кешкі ас
Пищевая секреция- Тағамдық секреция
|
Инсулин секрециясы тек тағамдық ауытқуға ғана емес, тәуліктік ауытқуларға да ұшырайды: инсулинге сұраныс таңертеңгі уақыттарда жоғары болып, тәулік барысында біртіндеп төмендейді. Мысалы, таңғы аста 1 НБ-не 2,0–2,5 БР инсулин, түскі аста — 1,0–1,5 БР, ал кеші асқа — 1,0 БР инсулин бөлінеді. Инсулинге сезімталдықтың мұндай өзгерісі таңғы уақыттарда контринсулярлы гормондар (ең алдымен кортизол) деңгейінің жоғары болуынан, бірақ түннің алғашқы сағаттарында олар ең аз деңгейге дейін төмендейді.
Инсулиннің басты физиологиялық әсері инсулинге тәуелді тіндер мембранасы арқылы глюкозаның тасымалдануын ынталандыру болып табылады. Инсулиннің басты нысана мүшелері- бауыр, бұлшықет және май тіні. Инсулинге тәуелсіз, яғни глюкоза тасымалы инсулиннің қатысуынсыз жүретін тіндерге ең алдымен орталық және шеткері жүйке жүйесі, қантамырлар эндотелийі, қан жасушалары және т.б. жатады. Инсулин бауыр мен бұлшықетте гликоген синтезін, бауыр мен май тінінде майлар синтезін, бауыр, бұлшықет және басқа тіндерде ақуыз алмасуын үстемелейді. Аталған барлық өзгерістер қанда глюкоза мөлшерінің төмендеуіне әкелетін глюкозаның утилизациясына (қорытылуына, ұсталуына) бағытталады. Иинсулиннің физиологиялық антагонисті глюкагон, ол деполардан гликоген мен майлардың шығуын ынталандырады; қалыпты жағдайда глюкагон деңгейі инсулин өндірілуіне қарама-қарсы өзгереді.
Инсулиннің биологиялық әсерлері нысана-жасушаларда орналасқан оның рецепторларымен байланысты. Инсулин рецепторлары төрт субъбірліктен тұратын гликопротеин болып табылады. Қанда инсулин деңгейі жоғарылағанда, төмендеуші регуляция қағидасы бойынша инсулинге сезімтал рецепторлардың саны азайып, жасушалардың инсулинге сезімталдығы төмендейді. Инсулиннің жасушалық рецепторларымен байланысқаннан кейін түзілген кешені жасуша ішіне енеді. Одан кейін инсулин бұлшықет пен май жасушаларының ішінде GLUT-4 деген глюкоза транспортерлері бар жасушаішілік везикулаларды жұмылдырады (мобилизациялайды). Осының нәтижесінде везикулалар жасуша беткейіне шығады, онда GLUT-4 глюкоза енетін кіреберіс саңылау қызметін атқарады. GLUT-4-ке осындай ұқсас әсерді физикалық жүктеме де көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |