Салыстырмалы диагностикасы Күмәнді жағдайларда (айқын клиникалық көріністер болмаса да гипергликемияның болуы, үлкен жаста манифестациясы) ҚД типтері арасында салыстырмалы диагностика жүргізу мақсатында С-пептид анықталады (базальды және тағам қабылдаған соң 2 сағаттан кейін). Жанама диагностикалық маңыздылыққа ҚД-1-дің иммунологиялық маркерлерін анықтау жатады — ұйқыбез аралшықтарына қарсыденелер, глутаматдекарбоксилаза (GAD65) және тирозинфосфатазаға (IA-2 және IA-2β.) қарсыденелер. ҚД-1 мен ҚД-2 салыстырмалы диагностикасы 7.6 кестеде көрсетілген.
7.6 кесте. ҚД-1 мен ҚД-2 айырмашылықтары мен салыстырмалы диагностикасы