Эпидемиологиясы ДКА жаңа жағдайларының жиілігі: жылына ҚД-1-мен сырқаттанған 1000 науқастардың 5–8- жағдайында және ол науқастарға көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру деңгейіне тәуелді. АҚШ-та жылына ДКА байланысты 100 000 госпитализация болады, госпитализация барысында бір науқасқа 13 мың доллар қажет, ал жыл сайын ДКА-мен сырқаттанған науқастарды емдеу мақсатында 1 миллиард доллар қаржы жұмсалады. Ресей Федерациясында 2005 ж ДКА ҚД-1 сырқаттанған балалардың 4,31%-да, жасөспірімдердің 4,75%-да, ересектердің 0,33 %-да анықталды.