Эпидемиологиясы
Еңбекке жарамды халық ішінде соқырлыққа әкелетін басты себеп. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда соқырлықтың даму қаупі жалпы популяциямен салыстырғанда 10–20 есе жоғары. ҚД-1 түрінде 5 жылдан кейін — науқастардың 8%-да, 30 жылдан кейін — 98%-да анықталады. ҚД-2 диагностикалау барысынла науқастардың 20–40%-да, ал 15 жылдан кейін — 85%-да көрініс береді. ҚД-1 кезінде салыстырмалы түрде жиі пролиферативті ретинопатия, ал ҚД-2 — макулопатия (75 % макулопатия жағдайларында) анықталады.
Клиникалық көрінісі
Жалпылай қабылданған жіктемеге сай ДР-ның 3 сатысын ажыратады (7.18 кесте).
Диагностикасы
Торлы қабықты суретке түсірумен сипатталатын тікелей офтальмоскопиямен офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет.
7.18 кесте. Диабеттік ретинопатияның жіктемесі
Достарыңызбен бөлісу: |