8.3. БІРІНШІЛІК ГИПЕРПАРАТИРЕОЗ
Біріншілік гиперпаратиреоз (БГП) — гиперкальциемия синдромының дамуымен сипатталатын, паратгормонының артық өндірілуімен көрінетін ҚМБ-нің ауруы (8.2 кесте).
8.2 кесте. Біріншілік гиперпаратиреоз
Этиологиясы
|
85 % — ҚМБ-нің солитарлы аденомасы (паратирома), 15 % —ҚМБ-нің тұтас гиперплазиясы, көптеген аденомалар (5 %), сирек (<5 %) — ҚМБ қатерлі ісігі; КЭН синдромы шеңберінде кездеседі (10 бөлім)
|
Патогенезі
|
Гиперфосфатурия, 1,25-(OH)2-D3 артық синтезі, ПТГ-нің сүйек тініне тура резорбтивті әсері, бүйрек түтікшелері мен басқа мүшелер эпителийінің зақымдануы; гиперкальциурия, нефрокальциноз
|
Эпидемиологиясы
|
Таралу жиілігі —щамамен 500 адамға 1 жағдай, жаңа жағдайлар жиілігі жылына 100000 халыққа 25 жағдай. Гиперкальциемия синдромының шамамен 35%-ы БГП-мен байланысты
|
Басты клиникалық көріністері
|
Басым жағдайда симптомсыз өтеді. Бүйректік симптомдар: полиурия, полидипсия, нефролитиаз, нефрокальциноз. Асқазан-ішектік симптомдар: анорексия, лоқсу, обстипация, метеоризм, жүдеу, асқазан және/немесе ұлтабар ойық жарасы.
5> |
Достарыңызбен бөлісу: |