Эндокринология



бет382/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   435
Байланысты:
document

Жасуша типі

Гормон

Гормонның басты қызметі

α немесе А

Глюкагон

Глюконеогенез, гликогенолиз, протеолиз, липолиз, инсулин секрециясын ынтыландырады

β немесе В

Инсулин

Инсулинге тәуелді тіндерге (бұлшықет, май тіні) глюкозаның түсуін қамтамасыз етеді, бауырда гликолиз бен глюконеогенезді белсендіреді, май тіндерінде липогенезді ынталандырады, кетогенез және глюкагон секрециясын тежейді

δ немесе D

Соматостатин

Гормондардың басым бөлігінің секрециясын, асқазанның қышқыл өндіруші қызметін, ҰҚ экзокринді секрециясын, ішек моторикасын (әмбебап ингибирлеуші әсер) тежейді

PP немесе F

Панкреатикалық полипептид

Панкреатикалық секреция және бауыр глюконеогенезінің ингибиторы

Соңғы өнімі 14 аминқышқылы қалдықтарынан тұрады. Соматостатин термині алғашында гипоталамуста өсу гормоны секрециялануын ингибирлейтін фактор ретінде анықталғандықтан солай аталған.
Қазіргі таңдағы көзқарастар бойынша панкреатикалық және асқорыту гормондарының басты қызметі асқорыту үрдісін (барлық асқорыту гормондары) және жасушалық метаболизмді (инсулин), олардың басты субстраттарының (инсулин, глюкагон) эндогенді синтезін реттеу болып табылады. Панкреатикалық және асқазан-ішек жолының гормондары гуморальды факторлардың гетерогенді тобын құрайды. Олардың бір бөлігі (секретин, холецистокинин) «гормон» классикалық ұғымына сәйкес келеді (өзінен алыс орналасқан құрылымдарға гуморальды әсер көрсетеді). Басқа гормондар (вазоактивті интестинальды пептид, соматостатин) нейромедиаторлар секілді паракринді және нейрокринді әсер көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет