9.2. ҰЙҚЫБЕЗДІҢ ГОРМОНАЛЬДЫ-БЕЛСЕНДІ ІСІКТЕРІМЕН СЫРҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ Қант диабетінен басқа, қазіргі таңда ҰБ-дің эндокринді бөлігінің аурулары панкреатикалық гормондардың шек тыс артық болуымен патогенетикалық тығыз байланысты, яғни гормональды белсенді ісіктермен тікелей байланысты (9.2 кесте). Бұл аурулардың клиникалық көрінісі гетерогенді және қандайда бір гормонның артық өндірілуіне байланысты көрінісімен анықталады, егер қатерлі ісік болса, оның инвазивті өсіп, метастаз берумен тікелей байланысты.
9.2 кесте. Ұйқыбез және асқазан-ішек жолдарының (ҰБ- ұйқыбез, 12ЕІ- он екі елі ішек, ВИП- вазоактивті интестинальды пептид) эндокринді ісіктері