Эндокринология



бет69/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   435
Байланысты:
document

2.8 кесте. Қантсыз диабет

Этиологиясы

1.Орталық (гипоталамус-гипофизарлы): идиопатиялық, симптоматикалық (ісіктер), туа біткен.
2.Бүйректік: жүре пайда болған (токсикалық, бүйрек патологиясы), туа біткен

Патогенезі

Орталық қантсыз диабет: вазопрессин тапшылығы нефронның дистальды түтікшелері деңгейінде несеп концентрациясының бұзылуына әкеледі.
Бүйректік қантсыз диабет: эндогенді вазопрессинге бүйрек сезімталдығының болмауы

Эпидемиологиясы

Сирек кездесетін ауру, жиі 20 – 40 жас аралығында дамиды, әрбір 5-ші жағдай нейрохирургиялық араласудан кейін пайда болады. Қантсыз диабеттің туа біткен және бүйректік түрі-казуистикалық сирек жағдай

Басты клиникалық көріністері

Полиурия (тәулігіне >4–5 л; кейде 20л/тәу асады), полидипсия, никтурия, балаларда энурез

Диагностикасы

  1. Полиурия (>3 л)

  2. Нормогликемия (қант диабетін жоққа шығару)

  3. Несептің салыстырмалы тығыздығының төмен болуы (1005 дейін)

  4. Несептің гипоосмолярлығы (<300 мОсм/кг)

  5. Құрғақ тамақ сынағы: 8–12 сағат бойы су (сұйықтық) қабылдамау; қантсыз диабетте- дене салмағының төмендеуі, несептің салыстырмалы тығыздығы мен осмолярлығы жоғарыламайды.

  6. Гипофиз МРТ (гипофиз немесе гипоталамус ісігін жоққа шығару).

Салыстырмалы диагностикасы

Психогенді полидипсия, бүйректік қантсыз диабет, орталық қантсыз диабеттің себептері (идиопатиялық немесе симптоматикалық)

Емі

Десмопрессин 0,1–0,4 мг per os немесе 1–3 тамшыдан күніне 2–3 рет интраназальды



Болжамы

Науқасқа сұйықтықты шектемеген кезде ешқандай қауіп төнбейді. Емдік шаралар қабылдайтын идиопатиялық қантсыз диабетпен ауыратын науқастардың жағдайының нашарлауы жөнінде мәліметтер жоқ. Операциядан кейінгі қантсыз диабет басым жағдайда өткінші

2.9 кесте. Қантсыз диабеттің жіктемесі және себептері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет