Эндокринология



бет68/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   435
Байланысты:
document

2.7. ҚАНТСЫЗ ДИАБЕТ


Қантсыз диабет (diabetes insipidus) — антидиурездік гормон тапшылығынан (орталық қантсыз диабет) немесе бүйрек түтікшелерінің оған деген сезімталдығының бұзылуынан (бүйректік қантсыз диабет) дамитын, бүйректің несепті концентрациялау қызметінің төмендеуінен туындаған клиникалық синдром (2.8 кесте). Қантсыз диабет этиологиясы мен патогенезіне қарай жіктеледі (2.9 кесте).


Этиологиясы
Гипофиз аймағындағы деструктивті үрдістерге байланысты дамитын (біріншілік гипофизарлы немесе метастаздық ісіктер, операциялық араласулар және т.б.) орталық қантсыз диабет жиі кездеседі. (2.9 кесте). Сирек жағдайда қантсыз диабет аяқ астынан басталады және визуализациялау нәтижесінде гипофизде органикалық патология анықталмайды (идиопатиялық қантсыз диабет). Бұл кезде жиі науқастарда аденогипофиздің вазопрессин өндіретін жасушаларына қарсыденелер анықталады. Сонымен қатар, сирек жағдайларда қантсыз диабет тұқым қуалайды, соның ішінде аутосомды-рецессивті тұқымқуалайтын Вольфрам синдромы (DIDMOAD) белгілі. Вольфрам синдромы толық (барлық көріністері болады) және жартылай (мысалы, қантты және қантсыз диабеттің жұптасуы) болып жіктеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет