3.18 сурет. Гипотиреоз «бетперделері»
3.18 сурет
Гинекол: дисфункц.маточ.кров,бесплодие- Гинекологиялық: дисфункциялық жатырдан қан кету, бедеулік
Кард:диастол.гипертен, дислипид, гидроперикард-Кардиологиялық: диастолалық гипертензия, дислипидемия. гидроперикард
Психиатр:депрессия, деменция- Психиатриялық: депрессия, деменция
«Маски»гипотиреоза- Гипотиреоз «Бетперделері»
Ревмат:полиарт, полисиновит,прог.остеопороз- Ревматологиялық: полиартрит, полисиновит, өршімелі остеоартроз
Дерматол: алопеция, гиперкератоз, онихолиз- Дерматологиялық: алопеция, гиперкератоз, онихолиз
Гастроэнтерол: хр.запоры, жел-камен.болезнь, хр.гепатит(«желтуха» в сочетании с пов.уровня трансаминаз)- Гастроэнтерологиялық: созылмалы іш қату, өт-тас ауруы, созылмалы гепатит ( трансаминазалар деңгейі жоғарылаумен бірге «сарғаю»)
|
3.19 сурет. Гипотиреозбен сырқаттанған науқастың сырт әлпеті (а, б)
Жоғарыда айтылғандай, гипотиреоздың клиникалық көрінісі полижүйелікпен сипатталады, бірақ кей науқастарда бір жүйеге тән шағымдар мен симптомдар басым дамуы мүмкін, сондықтан науқастарда «бетперде» аурулары анықталады (3.18 сурет).
Айқын және ұзаққа созылған гипотиреоз кезінде науқастарда жалпы және периорбитальды ісінумен сипатталатын «миксематозды» сырт келбет дамиды. Беті ісінген, бозғылт-сары түсті, көзқарасы немқұрайлы, бет мимикасы кедейленген (маска тәріздес бет) (3.19 сурет).
Сонымен қатар, науқас шашы сиреп, жылтыруы төмендеп және көп мөлшерде түседі. Жалпы науқастар апатиялы, баяу немесе тежелген. Ауыр гипотиреозға сөйлеудің тежелуі тән, тіпті кейде науқас аузында бірнәрсе бар секілді болады. Көмей шырышты қабығының ісінуі дауыс тембрінің төмендеп, қарлығуына әкеледі. Науқас кей сөздерді дұрыс айта алмай, кейін қайта нақты дұрыс айтуға тырысады. Гипотиреоздың дәстүрлі түрінде тілдің ісінуі, онда тістер ізінің қалуы суреттеледі. Евстахий түтігі шырышты қабығының ісінуі есту қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Науқастар жиі терінің құрғауына шағымданады.
Жүйке жүйесі жағынан науқаста есте сақтау қабілетінің және интеллектінің төмендеуі, ұйқышылдық, депрессия дамиды. 3 жастан жоғары жас балалар мен ересектерде дамитын жүйке жүйесі жағынан дамитын өзгерістер қайтымды және орынбасушы терапия көрінісінде оңай тосқауылданады. Бірақ, туа біткен гипотиреоз жүргізілген орынбасушы терапияға қарамастан қайтымсыз жүйке-психикалық және физикалық бұзылыстарға әкеледі (3.6.2 бөлімді қараңыз). Шеткі жүйке жүйесі жағынан өзгерістер сирек дамиды, алайда кейбір науқастарда микседема көріністері туннельды синдромдардың (карпаль каналы синдромы) дамуын ынталандырады.
Гипотиреозбен сырқаттанған науқастарда негізгі алмасудың жалпы төмендеуі дене салмағының артуын дамытады, ал өз кезегінде гипотиреоз айқын семіздіктің дамуын тудырмайды. Тым ауыр гипотиреоз кезінде гипотермия дамуы мүмкін. Науқаста жиі тоңғыштыққа шағымданады. Осы белгінің генезінде негізгі алмасудың төмендеуімен қатар, гипотиреозге тән қан айналымның орталықтануы аса маңыздылыққа ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |