Эндокриндік патологияны тапжылмай іздеу. Жиі зат алмасуында
конституциональды ерекшеліктері бар, астениялық белгілері, вегетативті және алиментарлы бұзылыстары, дәрі дәрмектерді шектен тыс қабылдайтын, невроздар мен түрлі психикалық бұзылыстары бар адамдарда эндокринді сырқаттарды табандылықпен іздеу іске асады. Бұл жағдайды жүйесіз көптеген гормональды және аспаптық зерттеулерді жүргізу ушықтырады, мұндай науқастардың көпшілігінде, кейде негізгі сырқатпен патогенетикалық байланыспайтын, клиникалық мәні жоқ болмашы ауытқулар анықталады.