Эндокринология



бет20/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   435
Байланысты:
document

Супрессивті сынақтарға үлкен және кіші дексаметазон сынақтары (Кушинг синдромының диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы), глюкозамен сынақ (акромегалия диагностикасы) жатады. Бұл жағдайда гормон деңгейі, ағзаға оның өндірілуін тежеуші затты енгізгеннен кейін бағаланады. Бездің автономды (немесе жартылай автономды) гиперфункциясы болмаса, сол гормон белгіленген критикалық (қауіпті) деңгейден төмендейді.
Қандағы гормондар деңгейін анықтаумен қатар, олардың несеппен бірге экскрециясы (шығарылуы) да аса маңызды диагностикалық құндылыққа ие. Бұл зерттеулердің диагностикалық маңызы, мысалы бос кортизол экскрециясын анықтау, заманауи функциональды сынақтармен салыстырғанда төмендеу. Қазіргі таңда тәжірибеде гормондар метаболиттерін анықтау толығымен қолданыстан шығып қалды, тек феохромоцитоманы анықтау мақсатында катехоламиндер метаболиттері экскрециясының деңгейі анықталады.
Гормональды зерттеудегі мәселелер қан алу барысында зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін барлық ережелерді сақтаумен және барлық ішкі, сыртқы түрткілерді ескерумен ғана шектелмейді. Биологиялық сұйықтықтарды сақтау және жеткізу тәртібі мен ережелерін ұқыптылықпен орындау (қан сарысуын зерттеуде антикоагулянттарды қолдану, үлгіні мұздату, консерванттар қосу және т.б.), сонымен қатар гормональды зерттеуді жүргізудің әдістемесін сақтау өте маңызды. Соңғы жылдары гормональды сараптамалардың автоматизацияланған әдістері кең қолданыс тапты, себебі оның жоғарғы өнімділігімен қатар, «адамдық факторлармен» байланысты қателіктерді төмендетуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет