1.2 сурет. Ер адамдардағы тестостерон өндірілуінің жас шамасына байланысты динамикасы
1.2 сурет. Уровень тестостерона в плазме крови – Қан плазмасындағы тестостерон деңгейі
Триместры беременности- Жүктіліктің үшайлары
Рождение- Туылу
Возраст-Жасы
Бірқатар гормондар деңгейі жүктілік кезінде өзгереді, бұл кезде жүктіліктің уақытына байланысты гормональды зерттеу нәтижелерін талдау қорытындылары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленіп тұрады. Мысалы, жүктіліктің бірінші жартысында барлық әйелдерде тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейі 30%-ға төмендесе, хорионды гонадотропин (ХГ) мөлшері өте жоғарғы көрсеткіштерді көрсетеді. Гормондардың деңгейіне қосалқы соматикалық сырқаттардан басқа, қабылдап жүрген дәрілік заттар, стресс (кортизол, адреналин), экология (йод қабылдауы әртүрлі аймақтардаға тироксин деңгейі), зерттеу алдында қабылдаған тағам (С-пептид) және т.б. түрткілер әсер етеді. Жоғарыда көрсетілген түрткілерден басқа, гормональды зерттеу нәтижелерін талдау қорытындыларында қателік жібермеу үшін зерттеулерді нақты қатал көрсеткіштер бойынша орындау керек.
Гипофизге-тәуелді (қалқанша без, бүйрек үсті бездерінің қыртысы, гонадалар) және басқа да эндокринді бездердің қызметін бағалаудың басты қағидасы гормондардың диагностикалық жұптарын анықтау болып табылады. Көп жағдайда гормондардың өндірілуі кері теріс байланыс механизмімен реттеледі (1.3 сурет). Кері байланыс бір жүйеге жататын горондар арасында (кортизол мен АКТГ) және гормондар мен олардың биологиялық эффекторларының арасында орнауы мүмкін (паратгормон және кальций). Сонымен қатар, жұптарды құрайтын гормондар арасында тура байланыстың болуы міндетті емес. Кейде бұл басқа да гуморальды түрткілермен, электролиттер мен физиологиялық параметрлермен (бүйрек қанайналымының көлемі, ренин-альдостерон жұптары үшін калий мен ангиотензин деңгейі) түсіндіріледі. Жұптарды құрайтын гормондарды зерттеу көрсеткіштерін жеке дара бағалау қате қорытынды жасауға әкеледі.