Эндокринология



бет18/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   435
Байланысты:
document

1.4 сурет
Норма- Норма
Дефицит тропных гормонов- Тропты гормондар тапшылығы
Недостаточность периферических желез- Шеткері бездер жеткіліксіздігі
Автономная гиперсекреция тропных гормонов- Тропты гормондардың автономды гиперсекрециясы
Автономная гиперсекреция гормонов периферических желез- Шеткері бездердің автономды гиперсекрециясы
Снижен- Төмендеген
Повышен- Жоғарылаған
Уровень гормонов периферической железы- Шеткері без гормондарының деңгейі
Уровень тропных гормонов- Тропты гормондар деңгейі




1.5 сурет. Бүйрек үсті бездері қызметінің бұзылуы кезінде АКТГ және кортизол деңгейін зерттеу нәтижелерін талдау

Сурет 1.5.
Кортизол- Кортизол
Норма- Норма
АКТГ-АКТГ
Вторичный гипокортицизм- Екіншілік гипокортицизм
Кортикостерома (синдром Кушинга)- Кортикостерома (Кушинга синдромы)
Первичный гипокортицизм (болезнь Адддисона)- Біріншілік гипокортицизм (Аддисон ауруы)
Эктопическая продукция АКТГ- АКТГ-ның эктопиялық өнімі
Кортикотропинома гипофиза (болезнь Кушинга)- Гипофиз кортикотропиномасы (Кушинг ауруы)

Шеткері эндокринді бездердің біріншілік гипофункциясы (біріншілік гипотиреоз, гипокортицизм, гипогонадизм) кезінде қанда сол без гормонының деңгейі төмендеп, сәйкес гипофиздің тропты гормонының деңгейі (АКТГ, ТТГ, ФСГ) жоғарылайды. Сондықтан біріншілік гипогонадизмді кейде гипергонадотропты жағдай деп те атайды. Гипофизге-тәуелді эндокринді бездердің екіншілік гипофункциясы кезінде сол без гормоны деңгейінің төмендеуі сәйкес тропты гормон өндірілуінің азаюымен түсіндіріледі (екіншілік гипотиреоз, гипокортицизм, гипогонадизм). Шеткері эндокринді бездің гиперфункциясы кезінде (Грейвс ауруы, бүйрек үсті безінің кортикостеромасы) тропты гормондар деңгейінің (ТТГ, АКТГ) төмендеуі, сәйкес деңгейі жоғарылаған шеткері гормондардың (тироксин, кортизол) оны тежеуімен байланысты болады.
Қазіргі таңда гормональды сараптамалардың жетілуіне қарамастан, функциональды сынақтардың диагностикалық эндокринопатиядағы орны ерекше. Функциональды сынақтар стимуляциялаушы (ынталандырушы) және супрессивті (тежеуші) болып бөлінеді. Сынақтарды жүргізудің жалпы қағидасы стимуляциялаушы сынақтар эндокринді без қызметінің жеткіліксіздігіне күмәнданғанда, ал супрессивті сынақ бездің гиперфункциясына күмәнданғанда тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет