Эндокринология



бет148/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   435
Байланысты:
document

3.9. ЙОД ТАПШЫЛЫҚ АУРУЛАР
Йод тапшылық ауруларына (ЙТА) йод қабылдауды қалыптастырғаннан кейін қалпына келетін, йод жетіспеушілігі нәтижесінде популяцияда дамитын барлық патологиялық жағдайларды жатқызады (кесте 3.22). Бұл термин ҚБ ауруларының йод тапшылығынан дамыған жалғыз және ең ауыр зардабы еместігін көрсетеді. Минимальды физиологиялық йодқа деген сұраныс науқастың жасы мен ағзаның физиологиялық жағдайына тәуелді (3.23кесте).


3.9.1. Йод тапшылық аурулардың эпидемиологиясы
Йод тапшылығы табиғи экологиялық феномен болып табылады, себебі құнарлы топырақ пен жануар және өсімдік текті тамақ құрамында да бұл микроэлементтің мөлшері өте аз. Осыған орай, ЙТА әлемнің түрлі мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы басты маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. БДДҰ мәліметтері бойынша шамамен 1570 млн. адамда (жер шары халқының 30%-ы) ЙТА-ның даму қаупі бар, сонымен қатар 500 млн. адам ауыр йод жетіспеушілігі мен эндемиялық жемсау жиі таралған аймақтарда тұрады.


3.22 кесте. Йод тапшылығы патологиясының спектрі



Құрсақішілік кезең

Түсіктер
Өлі туылу
Туа біткен ақаулар
Перинатальді өлімнің өсуі
Балалар өлімінің өсуі
Неврологиялық кретинизм:
ойлау қабілетінің бұзылуы
— саңыраулық, мылқаулық
— қитарлық
Микседематозды кретинизм (гипотиреоз, ергежейлік):
— есте сақтау қабілетінің төмендеуі
— ергежейлік
— гипотиреоз
Психомоторлы бұзылыстар

Нәрестелер

Неонатальды гипотиреоз

Балалар және жасөспірімдер

Ақыл-ой мен физикалық жетілудің бұзылысы.

Ересектер

Жемсау және оның асқынулары
Йодиндуцирлеген жемсау

Барлық жастағылар

Жемсау
Гипотиреоз
Когнитивті қызметтің бұзылуы
Ядролық апаттарда радиоактивті йодты сіңірудің жоғарылауы



3.23 кесте. Йод қабылдау нормалары (БДДҰ, 2005)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет