Адамдар тобы
|
Йодқа деген сұраныс мкг/тәу
|
Мектеп жасына дейінгі балалар (0-59 ай)
|
90
|
Мектеп жасындағы балалар (6-12 жас аралығы)
|
120
|
Ересектер (12 жастан жоғары )
|
150
|
Жүкті және емізетін әйелдер
|
250
|
Популяцияда йод тапшылығының басты көрсеткіші қандайда да бір аймақта тұратын репрезентативті топтағы халықта несеппен шығатын йод деңгейі болып табылады. Репрезентативті топқа кіші мектеп жасындағы жас балаларды жатқызуға болады (7–12 жас) және зерттеу мектепте орындалады, себебі бұл таңдаудың кездейсоқ екендігін және репрезентативтігін көрсетеді. Жеке несеп порцияларында йод экскрециясы деңгейі анықталғаннан кейін интегральді көрсеткіш есептеледі — йодурия медианасы (3.24 кесте). Йод тапшылығының жанама және сенімді көрсеткіші осы топ балаларында ҚБ-дің ұлғаюы (жемсау) болып табылады.
3.24 кесте. Несептегі йод мөлшеріне байланысты йод тапшылығының ауырлық дәрежесін бағалаудың эпидемиологиялық нышандары (критерийлері)
Достарыңызбен бөлісу: |