II. Топикалық диагностика • Бүйрек үсті безінің КТ (МРТ) өте ақпаратты, себебі феохромацитомалардың 90%-ы бүйрек үсті безінде орналасады. Үлкен қиындықтар бүйрек үсті безінен тыс орналасқан феохромоцитомаларды анықтау кезінде туындайды. Орналасқан орны белгісіз ісік кезінде жүрек (перикард), қуық, УДЗ-сі, паравертебральды және парааортальды аймақтарды МРТ зерттеу мен кеуде қуысының КТ-сі тағайындалады.
• Метайодбензилгуанидинмен (МЙБГ) сцинтиграфия — бүйрек үсті безінен тыс феохромацитомалардың топикалық диагностикасында аса ақпаратты. МЙБГ хромаффинді тін жасушаларында жиналады, себебі қалыпты бүйрек үсті безінің тіні изотопты сирек жағдайда сіңіреді, ал феохромоцитоманың 90%-ы сіңіреді.
III. Қалқанша бездің медуллярлы обыры мен гиперпаратиреоз секілді қосымша патология кезінде скринингті зерттеу (КЭН-2 синдромы, 9.2.2 бөлімді қараңыз): қанда кальцитонин мен кальций деңгейін анықтау.