Эндокринология


ИНЦИДЕНТАЛОМА (КЕЗДЕЙСОҚ АНЫҚТАЛҒАН



бет223/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   435
Байланысты:
document

4.9. ИНЦИДЕНТАЛОМА (КЕЗДЕЙСОҚ АНЫҚТАЛҒАН
КӨЛЕМДІ ТҮЗІЛІСТЕР)
Инциденталома (англ. incidental — кездейсоқ) — клиникалық көрінісі жоқ кездейсоқ анықталған бүйрек үсті безінің көлемді түзілістері (4.18 кесте).


Этиологиясы
Бүйрек үсті безі көптеген көрсеткіштер бойынша басқа ағзалар ауруларын нақтылау мақсатында орындалатын КТ, МРТ, УДЗ арқылы визуализацияланатын аймақта орналасады. Сондықтан, ешқандай клиникалық көрінісі жоқ көлемді бүйрек үсті безінің түзілісін анықтау кездейсоқ табыс болып табылады.


4.18 кесте. Бүйрек үсті безінің инциденталомасы



Этиологиясы

98 % жағдайда — гормональды белсенді емес қатерсіз түзілістер. Қатерлі ісіктер — <1% жағдайда, гормональды-белсенді ісіктер — < 2 % жағдайда дамиды

Патогенезі

Басым жағдайда ешқандай патологиялық маңыздылыққа ие болмайды (қатерлі және гормональды-белсенді түзілістерден басқа)

Эпидемиологиясы

Жалпы популяцияда 5% (аутопсия мәліметтері бойынша 10%)

Басты клиникалық көрінісі

Дамымайды; жиі ілеспелі патология гормональды белсенді түзіліспен потенциалды байланысты болады (артериялық гипертензия, семіздік, қант диабеті және т.б.)

Диагностикасы

1. Кіші дексаметазонды сынақ.
2. Қан сарысуындағы калий, натрий; артериялық гипертензияда – ренин, альдостерон.
3. Метанефриндер (катехоламиндер мен ВМК экскрециясы).
4. Диаметрі < 4 см болатын, 6, 12, 24 ай сайын жасалатын гормональды-белсенді емес түзілістерінің КТ-сі (МРТ)

Салыстырмалы диагностикасы

Гормональды-белсенді және қатерлі түзілістер

Емі

Адреналэктомияға көрсеткіштер:
гормональды белсенділік;
— диаметрі > 5 см (диаметрі > 6 см);
— көлемді түзілістердің үдемелі өсуі.
Қалған жағдайларда — 6, 12, 24 ай сайын динамикалық бақылау (КТ, МРТ)

Болжамы

Басым жағдайда қолайлы



Этиологиясы
98% жағдайда — гормональды белсенді емес қатерсіз түзілістер. Қатерлі ісіктер — < 1% жағдайда, гормональды-белсенді ісіктер — < 2 % жағдайда дамиды (4.19 кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет