Салыстырмалы диагностикасы
Гормональды-белсенді және қатерлі түзілістер
Емі
Оперативті ем (ашық түрдегі немесе эндоскопиялық адреналэктомия) төмендегі жағдайларда орындалады:
• Гормональды белсенді түзілістерде.
• Диаметрі 5 см үлкен болатын түзілістер; қатерліге ауысу қаупі жоғары диаметрі 6 см үлкен болатын түзілістер.
• Динамикалық бақылау нәтижесінде көлемді түзілістің үдемелі өсуі.
Қалған жағдайларда — 6, 12, 24 ай интервалмен динамикалық бақылау (КТ, МРТ).
Болжамы
Басым жағдайларда қолайлы.
5 БӨЛІМ
ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЭНДОКРИНОЛОГИЯСЫ
5.1. ӘЙЕЛ РЕПРОДУКТИВТІ ЖҮЙЕСІНІҢ АНАТОМИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Аналық без (ovarium, oophoron) — әйел репродуктивті жүйесінің жұп мүшесі және ішкі секреция безі (5.1сурет). Қалыпты жағдайда аналық бездің массасы шамамен 5–8 г, ұзындығы 2,5–5,5 см, ені1,5–3,0 см және қалыңдығы 2 см. Аналық без екі қабаттан тұрады: ақ қабықпен қапталған қыртысты және милы қабат. Қыртысты зат түрлі даму кезеңіндегі фолликулалардан тұрады.
5.1 сурет. Аналық без: овуляторлы цикл барысында өтетін үрдістер
5.1 сурет
Овуляция- Овуляция
Раннее желтое тело- Ерте сары дене
Зрелое желтое тело- Жетілген сары дене
Герминативный эпителий- Герминативті эпителий
Белое тело- Ақ дене
Примордиальные фолликулы- Примордиальды фолликулдар
Строма- Строма
Первичные фолликулы- Біріншілік фолликулдар
Преантральный фолликул- Преантральды фолликул
Антральный фолликул- Антральды фолликул
Атретичный фолликул- Атретикалы фолликул
Преовуляторный фолликул- Преовуляторлы фолликул
|
Аналық безден бөлінетін басты стероидты гормондарға эстрогендер, прогестерон және андрогендер жатады. Эстрогендерге эстрадиол, эстрон және эстриол жатады. Эстрадиол (Е2) гранулеза жасушаларымен секрецияланады. Эстрон (E1) эстродиолдың шеткері ароматизация жолы арқылы түзіледі; эстриол (Е3) аналық бездерде қалдықты мөлшерде синтезделеді; эстроиолдың басты көзі бауырда эстрадиол мен эстронның гидроксильденуі болып табылады. Басты прогестагенді гормонға (прогестин) сары денемен синтезделетін прогестерон жатады. Негізгі аналық без андрогені, тека жасушаларымен синтезделетін андростендион болып табылады. Қалыпты жағдайда әйел ағзасындағы андрогендердің басым көпшілігі бүйрек үсті безінде синтезделеді.
Эстрогендер мен прогестерон синтезіне қажетті қосылыс холестерин болып табылады. Жыныс гормондарының биосинтезі кортикостероидтар секілді өтеді. Аналық бездің стероидты гормондары бүйрек үсті безінің гормондары секілді жасушаларда жиналмайды, яғни синтез үрдісі барысында секрецияланады. Қан арнасында стероидты гормондардың басым бөлігі транспортты ақуыздармен байланысады: эстрогендер — жыныс гормондарын байланыстырушы глобулинмен (ЖГБГ), прогестерон — кортизол байланыстырушы глобулинмен (транскортин). Эстроген, прогестин және андрогендердің әсер ету механизмі басқа стероидты гормондардың әсер ету механизміне ұқсас. Эстрогендердің басты метаболиттеріне әлсіз эстрогенді белсенділікке ие катехолэстрогендер (2-оксиэстрон, 2-метоксиэстрон, 17-эпистриол) жатады; ал прогестеронның негізгі метаболиті- прегнандиол.
Пебуртатты кезеңнің басталуына дейін аналық бездерде гонадотропиндерге тәуелсіз біріншілік фолликулалардың баяу өсіп дамуы жүреді. Жетілген фолликулалардың бұдан әрі қарай дамуы тек гипофиздің гормондары арқылы ғана іске асады: фолликулстимулдеуші (ФСГ), лютеиндеуші (ЛГ) гормондар; аталған гормондардың өндірілуі гипоталамустың гонадолибериндері арқылы реттеледі. Овариальды циклде екі фазаны ажыратады— фолликулярлы және лютеинді, бұл өз кезегінде екі жағдаймен сипатталады — овуляция және етеккір (5.2 сурет).
Фолликулярлы фазада гипофизбен ФСГ секрециясы біріншілік фолликулалардың өсуі мен дамуын ынталандырады, сонымен қатар фолликулярлы эпителий жасушаларымен эстрогендер өндірілуін үстемелейді. Гонадотропиндердің овуляция алдындағы бөлінуі овуляция үрдісін анықтайды. ЛГ овуляторлы кезеңде бөлінуі мен аз мөлшерде ФСГ бөлінуі гипофиздің гонадолибериндер әсеріне сенсибилизациядлануына және 24 сағат барысында эстроиол деңгейінің кенет түсуіне байланысты, сонымен қатар мұны эстрогендер мен ЛГ тым жоғары концентрациясына орай дамитын оң кері байланыс механизмімен де байланыстыруға болады.
5.2 сурет. Етеккір циклы барысында әйел репродуктивті жүйесіндегі циклдік өзгерістер
5.2 сурет
Гонадотропины- Гонадотропиндер
ФСГ- ФСГ
ЛГ-ЛГ
Овариальный цикл- Овариальды цикл
Созрев.фолликула- Фолликуланың жетілуі
Овуляция- Овуляция
Желтое тело- Сары дене
Эстрадиол- Эстрадиол
Прогестерон- Прогестерон
Эндометрий- Эндометрий
Менструация- Етеккір
Фолликулярная фаза- Фолликулярлы фаза
Овуляторная фаза- Овуляторлы фаза
Лютеиновая фаза- Лютеинді фаза
|
Овуляторлы кезеңдегі ЛГ деңгейінің жоғарылауынан прогестерон бөлетін сары дене түзіледі. Прогестрон жаңа фолликулалардың өсуі мен дамуын тежейді, сонымен қатар эндометрийге ұрықтанған аналық без жасушасының енуіне қолайлы жағдай жасайды. Прогестронның сарысулық концентрациясының платосы ректальды (базальді) температура платосына сай келеді (37,2–37,5 °С), яғни бұл өткен овуляцияны диагностикалау әдістеріне негіз болады. Егер ұрықтану болмаса 10–12 күннен кейін сары дене кері қарай дамиды, ал ұрықтанған аналық жасуша эндометрийге енсе, түзілген бластула хориондық гонадотропин (ХГ) бөліп, сары дене жүктіліктің сары денесіне айналады.
Овариальды (менструальды) циклдің ұзақтығы қалыпты жағдайда 21- 35 күн. Кең таралған 28-күндік цикл, бұл жалпы әйелдердің 30–40 % ғана тән. Менструальды кезеңнің үш фазасын ажыратады: менструальды (эндометрийдің десквамация фазасы), менструациядан кейінгі (эндометрийдің пролиферация фазасы), менструация алды (функциональды немесе секреторлы фаза). Соңғы екі фаза арасындағы шекара овуляция болып табылады. Менструальды циклдің басы менструацияның бірінші күнінен бастап саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |