5.2.3. Аспаптық зерттеу әдістері Гинекологияда инвазивті емес, қауіпсіз және қолжетімді кең көлемде қолданыс тапқан аспаптық зерттеу әдісі- ультрадыбысты зерттеу. Ол аналық бездер мен кіші жамбас астауының басқа ағзаларын визиуализациялап қана қоймай, фолликулалардың өсуі мен дамуын, эндометрийдің қалыңдығын бағалауға, аналық бездердің ісік тәрізді түзілістерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кең көлемде тек диагностикалау мақсатында емес, түрлі гинекологиялық ауруларды емдеуде эндоскопиялық зерттеу әдістері қолданылады (кольпоскопия, гистероскопия және лапароскопия).