Эндокринология



бет262/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   435
Байланысты:
document

Этиологиясы
Гинекомастияның дамуына көптеген аурулар мен сыртқы ортаның түрткілері әкелуі мүмкін. Олардың ішіндегі маңыздылары төмендегі 6.10кестеде көрсетілген.


Патогенезі
Гинекомастияның патогенезінің астарында ер адам ағзасында шектен тыс абсолютті немесе салыстырмалы түрде эстрогендердің артық болуы жатыр. Жаңа туылған нәрестелердің гинекомастиясы қан арнасында айналымды жүрген плацентарлы эстроген әсерінен дамиды және сирек жағдайда ғана ұзақ сақталады. Ал жасөспірімдік кезде дамитын гинекомастия тестостеронның эстрогенге конверсиясын қамтамасыз ететін ароматаза белсенділігінің жоғары болуынан көрініс береді.


6.10 кесте. Гинекомастия себептері



Физиологиялық гинекомастия

— Неонатальды
— Пубертатты
— Отбасылық
— Идиопатиялық

Дәрілік препараттар

— Эстрогендер, антиандрогендер, тестостерон
— Спиронолактон, ААФ-ингибиторлары, дигоксин, кальций антагонистері.
— Алкилирлеуші агенттер.
— Алкоголь, марихуана, героин, метадон.
— Циметидин.
— Кетоконазол, метронидазол, туберкулезге қарсы дәрілік заттар.
— Трициклдік антидепрессанттар, дофамин антагонистері, опиаттар, бензодиазепиндер.

Гипогонадизм

Біріншілік, екіншілік (6.3 бөлімді қараңыз).

Ісіктер

— Эстроген- и андрогенпродуцирующие яичка
и надпочечника
— ХГ-өндіруші аталық без (эктопирленген герминома)

Эндокринді аурулар

— Тиреотоксикоз
— Кушинг синдромы
— Акромегалия

Жүйелік аурулар

— Бауыр циррозы
—Созылмалы бүйрек шамасыздығы
— АИТВ-инфекция

Тағы басқалар

— Кеуде қуысының жарақаттары
—Кеуде аймағындағы Herpes zoster
—Семіздік

Гинекомастия гипогонадизмнің барлық түрлерінде дами береді. Туа біткен түрлерінде бүйрек үсті безі андрогендерінің шектен тыс ароматизациясы тестостеронның тежеуші әсерінің тапшылығынан немесе оның болмауынан дамиды. Екіншілік гипогонадизм мен гиперпролактинемия кезінде гинекомастия өте сирек көрініс береді.


Гинекомастия жиі созылмалы жүйелік аурулар кезінде дамиды. Бауыр циррозында эстроген мөлшері жыныс гормондарын байланыстырушы глобулин синтезінің артуы нәтижесінде андростендион ароматизациясының артық болуынан жоғарылайды. Тиреотоксикоз кезінде гинекомастияның дамуына андрогендердің шеткі ароматизациясының күшеюі себеп болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет