Клиникалық көрінісі Жаңа туылған балаларда дамитын гинекомастия көкірек бездерінің сәл ұлғаюымен көрінеді. Бірқатар жағдайларда ұзақ болатын гиперпролактинемияға байланысты сүт уызы секілді бөліністер болады. Әдетте гинекомастия симптомсыз өтеді және көкірек бездері ұшының жоғары сезімталдығымен көрінеді. Көкірек безінің типті концентрлі ұлғаюы - оны қоршаған шел май тінімен шектелген параареолалық тығыздалумен анықталады. 80 % жағдайда гинекомастия екі жақты болып табылады. Көкірек безінің бір жақты ұлғаюы ісіктік үрдістің даму мүмкіндігін көрсетеді. Эстроген және ХГ-өндіретін ісіктерге көкірек безі кенет ұлғайып, ауыру және жаншу сезімімен ұштасады.