Неонатальды және пубертатты гинекомастия арнайы емді қажет етпейді және өздігінен жазылады.
Патологиялық гинекомастия оны тудырған түрткіні жойғаннан кейін ликвидациялануы мүмкін (дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату, негізгі сырқаттың компенсациясы және т.б).
Айқын, тұрақты сақталатын гинекомастия косметикалық мәселелер мен көкірек безі ұштарының тітіркенуіне байланысты емді қажет етеді. Мұндай жағдайда консервативті ем тиімсіз болғандықтан (тамоксифен, кломифен, даназол) мастэктомия орындалады. Хирургиялық ем әсіресе, Клайнфельтер синдромында көкірек безінің қатерлі ісігінің даму қаупі өте жоғары болғандықтан өте қажетті.
Болжамы Неонатальды және пубертатты түрлерінде болжамы — қолайлы. Соңғы жағдайда гинекомастия науқастардың 75%-да 2 жыл ішінде кері дамиды. Патологиялық гинекомастияның болжамы оны тудырған тұрақты (бауыр циррозы) және тұрақсыз (наркомания, дәрілік заттар) дамитын себептеріне тәуелді.