Эндокринология



бет268/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   435
Байланысты:
document

7.1 кесте. Қантты диабеттің жіктемесі

I. Қантты диабеттің 1 типі (әдетте инсулиннің абсолютті жеткіліксіздігіне әкелетін β-жасушаларының деструкциясы).
А. Аутоиммунды
B. Идиопатиялық
II. Қантты диабеттің 2 типі (салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі негізінен инсулинге резистенттіктен секреторлық ақауға дейін, инсулинге резистенттікпен немесе онсыз)
III. Басқа спецификалық типтері

А. β-жасушалар қызметінің генетикалық ақаулары
В. Инсулин әсеріндегі генетикалық ақаулар
С. Ұйқыбездің экзокринді бөлімдерінің аурулары
D. Эндокринопатиялар
Е. Дәрілік заттар және химикаттармен индуцирленген қант диабеті
F. Инфекциялар
G. Иммунды диабеттің сирек кездесетін түрлері
H. Кейде диабетпен тіркесетін басқа генетикалық синдромдар
IV. Гестациялық диабет

Инсулин рецепторларының мутациясымен байланысты инсулин әсерінің генетикалық ақаулары казуистикалық сирек кездеседі (лепречаунизм, Рабсон-Мандехолл синдромы). β-жасушаларының деструкциясына әкелетін ұйқыбездің экзокринді бөлімінің ауруларында (панкреатит, панкреатэктомия, кистозды фиброз, гемохроматоз), сонымен қатар контроинсулярлы гормондардың артық өндірілуіне әкелетін бірқатар эндокринді ауруларда (акромегалия, Кушинг синдромы) ҚД дамиды. Дәрілік заттар мен химикаттар (вакор, пентамидин, никотин қышқылы, диазоксид және т.б.) әсерінен ҚД сирек дамиды, бірақ инсулинрезистенттілік көрініс берген науқастарда аурудың манифестациясы, декомпенсациясының дамуына үстемдік етеді. Бірқатар инфекциялық аурулар (қызамық, цитомегалия, коксаки- және аденовирусты инфекция) β-жасушаларының деструкциясына әкеледі, сондықтан мұндай науқастарда ҚД-1 иммуногенетикалық маркерлері анықталады. Иммунды диабеттің сирек дамитын түрлеріне «stiff-man»-синдромымен (аутоиммунды неврологиялық ауру) сырқаттанған науқастардағы қантты диабет, инсулин рецепторларына қарсыденелердің әсерінен дамыған қантты диабет жатады. ҚД-нің басқа да түрлері жоғары жиілікпен Даун, Клайнфелтер, Тернер, Вольфрам, Прадер-Вилли және де басқа синдромдар кезінде дамиды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет