Дислипидемия коррекциясы. Липидті спектр көрсеткіштері 7.3 кестеде көрсетілген. Гиполипидемиялық терапияның таңдау дәрілеріне 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА-редуктаза ингибиторлары (статиндер) жатады.
Антиагрегантты терапия. Аспиринмен терапия (75–100 мг/сут) 40 жастан асқан ҚД-мен сырқаттанған науқастарға жүрек-қантамыр жүйесі патологиясының даму қаупі жоғары болғанда (асқынған отбасылық анамнез, артериялық гипертензия, темекі тарту, дислипидемия, микроальбуминурия), атеросклероздың клиникалық көрінісі анықталған барлық науқастарға екіншілік профилактика мақсатында тағайындалады.