Салыстырмалы диагностикасы Басқа генезді табанда дамитын жаралар, қантамырлардың басқа окклюзиялы аурулары, табан буынының басқа патологиялары, ДТС клиникалық түрлері арасында жүргізіледі (7.22 кесте).
Емі ДТС-ның нейропатиялық-инфицирленген түрін емдеу келесі шаралардың кешенінен құралады:
— ҚД компенсациясын оңтайландыру, яғни инсулин мөлшерін жоғарылату, ал ҚД-2 кезінде— инсулинге ауыстыру;
— жүйелік антибиотикотерапия;
— табанға түсетін жүктемені азайту (бұл бірнеше апта ішінде ұзақ жылдар бойы сақталған ойық жараның жазылуына әкелуі мүмкін);
—гиперкератоз аймақтарын алып тастау мен жараны жергілікті өңдеу;
— аяқ күтімі, аяқ киімді таңдай білу және арнайы аяқ киімді кию.
Уақытында жүргізілген консервативті терапия 95% жағдайда оперативті араласусыз емдеуге мүмкіндік береді.
7.22 кесте.ДТС-ның клиникалық түрлерінің салыстырмалы диагностикасы