8.2. ҚАЛАҚША МАҢЫ БЕЗДЕРІ АУРУЛАРЫМЕН СЫРҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
8.2.1. Физикалық әдістері Оларға қаңқа сүйектерінің қарау, мойын аймағын пальпациялау секілді жалпы клиникалық зерттеулер жатады, бірақ кейде тіпті көлемді паратиромалардың өзі пальпациялағанда анықталмайды. Гипопаратиреоз кезінде Труссо, Хвостек және Вейс секілді симптомдар көрініс беруі мүмкін (8.5 бөлімді қараңыз).
8.2.2. Зертханалық зерттеу әдістері Зертханалық зерттеудің басты әдістері- қан сарысуында иондалған кальций, фосфор және интакты паратгормон деңгейін анықтау. Сонымен қатар, несеппен кальций мен фосфор экскрециясын анықтауға болады. Иондалған кальцийдеңгейін анықтау, альбумин мөлшері, қан сарысу рН және басқа да түрткілер әсер етуі мүмкін жалпы кальций деңгейін анықтаумен салыстырғанда ақпаратты. Сүйек ремодельденуі жағдайын бағалау мақсатында сүйек резорбциясы мен сүйек түзілуінің қан сарысулық маркерлерін қолдануға болады. Олар сүйек тінінің жағдайын, остеопороздың даму қаупін және терапияның әсерлігін бағалауға мүмкіндік береді (8.1кесте).
8.1 кесте. Сүйек резорбциясы мен жаңаруының қан сарысулық маркерлері