Эндокринология



бет367/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   435
Байланысты:
document

Патогенезі
СБЖ кезінде ЕГП бүйректе белсенді D3 [1,25-(OH)2-D3] дәруменінің синтезделуінің бұзылуынан дамиды. Қан сарысуында органикалық емес фосфат деңгейінің үдемелі жоғарылауы шумақтық фильтрация жылдамдығы 60 мл/мин немесе одан да төмен болғанда көрініс береді. Гипокальциемия паратгормоны секрециясын ынталандырады. Бүйректік остеодистрофия 1,25-(OH)2-D3 тапшылығы көрінісінде дамитын остеомаляцияның паратгормон артық өндірілуі көрінісінде дамитын сүйек резорбциясының жоғарылауымен ұштасады (8.7 сурет).


8.4 кесте. Екіншілік гиперпаратиреоз



Этиологиясы

Бүйректік патология (СБЖ), мальабсорбция синдромы, остеомаляция, Педжет ауруы, D дәруменінің жеткіліксіздігі, қатерлі ісіктер

Патогенезі

Бүйректе белсенді D3[1,25-(OH)2-D3] дәрумені синтезінің бұзылуы, кальций мен D дәруменінің мальабсорбциясы, 25-OH-D3-ке холекальциферол алмасуының бұзылуы

Эпидемиологиясы

Гемо- және перитонеальды диализ емін алатын СБЖ-мен сырқаттанған науқастардың 45-70 %-да көрініс береді.
Гастроэктомия, остеопатиядан кейін науқастардың шамамен 30%-да дамиды

Басты клиникалық көріністері

Басты сырқаттың симптомдары, сүйектің ауруы, проксимальды бұлшықет бөліктеріндегі әлсіздік, спонтанды сүйектің сынуы, қаңқа деформациясы, сүйектен тыс кальцинаттар, кальцифилаксия, периартикулярлы кальцинаттар

Диагностикасы

Нормокальциемия, ПТГ↑, гиперфосфатемия, сілтілі фосфатаза↑, 1,25-(OH)2-D3↓; остеопороз, субпериостальды және субхондральды сүйек резорбциясы, басты сырқатты диагностикалау

Салыстырмалы диагностикасы

ЕГП-ды дамытатын сырқаттар арасында

Емі

Бүйректік остеодистрофияны емдеу және алдын алу:
D (1-ОН-D3) дәруменінің белсенді метаболитерімен
кальций карбонатын (1 г/тәу) ұштастыру

Болжамы

Басты сырқат пен ағзалық өзгерістерді алдын алуды уақтылы бастауына қарай анықталады

ЕГП-дің интестинальды түрінің патогенезі негізінде ҚМБ қызметінің гиперстимуляциясына әкелетін кальций мен D дәруменінің мальабсорбциясы жатыр. Бауыр аурулары кезінде ЕГП дамуы холекальциферолдың 25-OH-D3-ке айналуының бұзылуымен байланысты. Бұл жиі біріншілік билиарлы цирроз кезінде көрініс береді. Үшіншілік гиперпаратиреоз патогенезі автономды қызметі жоғарылаған ҚМБ-нің түзілуімен байланысты дамиды.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет