Эндокринология



бет370/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   435
Байланысты:
document

8.5. ГИПОПАРАТИРЕОЗ
Гипопаратиреоз—гипокальцемия синдроыммен көрінетін, ҚМБ жеткіліксізділігі нәтижесінде паратгормоны тапшылығымен байланысты дамитын сырқат (8.5 кесте).


Кесте 8.5. Гипопаратиреоз



Этиологиясы

Операциядан кейінгі, идиопатиялық (аутоиммунды); оқшауланған, І типті аутоиммунды полигландулярлы синдромда; сәулелену, инфильтративті аурулар, ҚМБ мен тимустың аплазиясы (Di George синдромы)

Патогенезі

ПТГ-ның ағзада жеткіліксіздігі оның фосфатуриялық әсері арқылы қанда фосфат деңгейінің жоғарылауына әкеледі; ішекте кальций сіңірілуінің бұзылуынан, бүйректе кальцийдің жеткілікті реабсорбциясының жүрмеуінен немесе оның сүйектерде мобилизациясының төмендеуінен гипокальциемия дамиды

Эпидемиологиясы

Жалпы популяцияда таралу жиілігі — 0,2–0,3 %. Жиі қалқанша безге жасалынған операция кезінде 2 % жағдайда, ал қайталамалы операцияларда 5–15 % жағдайда көрініс береді

Басты клиникалық көріністері

Тетаникалық құрысулық синдром, сүйектен тыс кальцификация

Диагностикасы

Гипокальциемия, гиперфосфатемия, ПТГ

Салыстырмалы диагностикасы

Транзиторлы операциядан кейінгі гипопаратиреоз, құрысулық синдром мен гипокальциемиямен жүретін басқа синдромдар

Емі

Кальций дәрілері және D дәрумені

Болжамы

Қолайлы



Этиологиясы

  • Операциядан кейінгі гипопаратиреоз.

  • Идиопатиялық (аутоиммунды) гипопаратиреоз:

оқшауланған;
— І типті аутоиммунды полигландулярлы синдромда (10 бөлімді қараңыз).

  • Сәулелену, инфильтративті аурулар.

  • ҚМБ мен тимус аплазиясы (Di George синдромы).

Жиі кездесетін түрі операциядан кейінгі гипопаратиреоз болып табылады. Операциядан кейінгі гипопаратиреоз безді алып тастағаннан емес, операциялық алаңда фиброздың өсуі салдарынан оның қанайналымының бұзылысы нәтижесінде дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет