3. Кахексиялық кезеңде бастапқы дене массасымен салыстырғанда науқас салмағы 50 %-дан артық төмендейді. Науқастардың өз сырт әлпетіне деген критикалық көзқарасы жоғалады, тері асты шел май қабаты болмайды, ақуызсыз ісік, айқын электролитті бұзылыстар дамиды. Бұл жағдай терапиялық көмек болмаса өлімге әкеледі (11.1сурет).
ЖА науқастарда әлсіздіктің пайда болуы мен күнделікті іс-әрекеттерін тоқтату өмірге қауіпті электролиттік бұзылыстар көрінісі, сол себепті науқасты госпитализациялау науқас өмірін сақтау үшін өте маңызды.
11.1 сурет.Жүйкелік анорексиямен сырқаттанған науқастың сырт келбеті
Диагностикасы DSM-IV психикалық аурулар жіктемесіне сәйкес, ЖА диагнозының критерийлері:
1.Салмағының төмендеуіне қарамастан, дене салмағын қосу жөніндегі ой туралы үрейлі қорқыныш.
2.Жағдайының ауырлауына қарамастан, сырт-әлпеті жөніндегі уайым-қайғы.
3. Өз жасы мен бойына сай минимальды қалыпты деңгейден дене массасын сақтаудан бас тарту.
4. Аменорея.
Жүйкелік булемияның дигностикалық критерийлері:
— артық тағам қабылдау эпизодтарының жиілеуі (шектелген уақыт аралығында көп мөлшерде тамақ қабылдау, кем дегенде аптасына 2 рет 3 ай көлемінде).
— жоғары калориялы, тез сіңірілетін тағамдарды ұстама «ашқарақтық» кезінде қабылдау (кейде қабылдаған тағамның энергетикалық құныдылы 5000 ккал жоғары болады).
— ұстама кезінде байқамай көп жеп қою (тағам қабылдау реттілігін бақылай алмау).
ЖА-ға тән гормон метаболизмі мен тасымалдаушы ақуыздардың бұзылуымен сипатталатын гормональды ауытқуларға жатады:
— тестостерон мен кортизол деңгейінің жоғарылауы;
— эстралдиол деңгейінің төмендеуі;
— АКТГ мен Т3 деңгейінің төмендеуі («төмен Т3 синдромы»).