Соматостатин туындылары (октреотид, ұзақ әсерлі октреотид, ланреотид) науқастардың 50–70 %-да ӨГ мен ИТФ-1 деңгейін қалыптастырады. Гипофиз аденомасының көлемі сирек жағдайда 30–50 % ғана кішірейеді және болмашы ғана.
ӨГ рецепторларын бөгеушілер (пегвисомант) эндогенді өсу гормоны рецепторларымен байланысу үшін бәсекелесіп, ИТФ-1 синтезін төмендетеді. Пегвисоманттармен терапия нәтижесінде науқастардың 90 %-да ИТФ-1 деңгейі төмендейді. Қазіргі таңда бұл емдеу түрі басқа емдеу әдістері нәтижесіз болғанда қолданылады.