Клиникалық көріністері Нейроофтальмологиялық симптомдар: жиі (70%) бас ауыру мен бас айналу, шаршағыштық, еңбекке қабілетінің төмендеуі. Көз жүйкесінің қантамырлық компрессиялы нейропатиясы, хиазмалық симптоматика, сирек жағдайда ликворея, ликворея «бос» түрік ершігі әсерінен емес, гипофиз ісігінен немесе операциялық араласудан кейін дамиды.
Сурет 2.9. «Бос» түрік ершігінің қалыптасуы:
а —қалыпты анатомиялық қарым-қатынастар;
б —«бос» түрік ершігі; оның кеңеюі ершік диафрагмасының ақауы арқылы арахноидальды кеңістіктің шығуымен сипатталады.
Сурет 2.9. Твердая мозговая оболочка- Қатты ми қабықшасы
Мягкая мозговая оболочка- Жұмсақ ми қабықшасы
Арахноидальное пространство- Арахноидальды кеңістік
Базилярные цистерны (ЦСЖ)- Базилярлы цистерналар (ЦСЖ)
Передняя доля гипофиза- Гипофиздің алдынғы бөлігі
Диафрагма турецкого седла- Түрік ершігінің диафрагмасы