Эндокринология


Аурудың себебін мүмкін болғанша жою



бет67/435
Дата06.02.2022
өлшемі17,53 Mb.
#80750
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   435
Байланысты:
document

Аурудың себебін мүмкін болғанша жою (гипофиз және

гипоталамус ісігін алып тастау).

  1. Орын басушы гормональды терапия кортикостероид

дәрілерімен екіншілік гипокортицизмді компенсациялаумен басталады (4.5 бөлімді қараңыз). Гипокортицизмді компенсацияламай тиреоидты гормондарды тағайындау жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің дамуына әкеледі. Жыныс бездерінің жеткіліксізділігі эстроген, прогестин және тестостерон дәрілерімен компенсацияланады. Гипотиреоз левотироксин дәрілерімен компенсацияланады.

  1. Гипофизарлы нанизмнің патогенетикалық терапиясының

негізінде гендік-инженерлі адамның ӨГ дәрілерімен орынбасушы терапия жатыр (0,07–0,1 БР/кг дене салмағына, күнделікті тері астына 20.00–22.00 сағат аралығында). Ересек адамдарда ӨГ тапшылығы кезінде дәрі мөлшерін 0,125–0,25 БР/кг дейін арттыруға болады.

  1. Гипопитуитарлы команы емдеу жедел бүйрек үсті безі

жеткіліксіздігін емдеу секілді жүргізеді (4.5.3 бөлімді қараңыз).


Болжамы
Гипопитуитаризмді дамытқан нақты сырқатпен анықталады. Гипофиздің үлкен аденомаларына жасалған операциялық араласулардан кейін, сонымен қатар инфильтративті ауруларда патологиялық үрдіс әдетте қайтымсыз. Гипофизарлы нанизмде дер кезінде басталған ӨГ-мен орынбасушы терапия, науқасқа әлеуметтік адаптацияға сай келетін бой ұзындығына қол жеткуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   435




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет