Энергетика


 дәріс. Қорғаныштық жерге тұйықтау



Pdf көрінісі
бет10/19
Дата13.12.2022
өлшемі0,72 Mb.
#162498
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
ТБЭУ Конспект лекций каз

8 дәріс.
Қорғаныштық жерге тұйықтау
 
Дәріс мақсаты: қ
орғаныштық жерге тұйықтауды
қолдануы, орындау 
аймағыын, әрекет ету принципін оқып үйрену; 
Қорғаныштық жерге 
тұйықтауды
есептеу. 
Жалпы мәліметтер. 
Қорғаныстық жерге тұйықтау - электр қондырғысының кернеуінде 
болуы мүмкін металл ток өткізгіш бөліктерінің жермен немесе оның 
эквивалентімен әдейі электр жалғануы (8.1 сурет). 
Қорғаныс жерге тұйықтаудың мақсаты – электр қондырғысының 
корпусына және корпусқа тұйықталу салдарынан және басқа да себептер 
бойынша кернеу астында қалған ток өткізбейтін металл бөліктерге жанасқан 
жағдайда токпен зақымдану қаупін жою [6,8]. 
Қорғаныстық жерге тұйықтаудың әрекет ету принципі - корпусқа 
тұйықталудан және басқа себептерден туындаған жанасу және қадамның 
кернеулерінің қауіпсіз мәндеріне дейін төмендету. Бұл жерге тұйықталған 
жабдықтың потециалын азайту жолымен (жерге тұйықтағыш кедергісін 
азайту), сондай-ақ адам тұратын жердің және жерге тұйықталған жабдықтың 
потенциалдарының мәндрін жақындату немесе теңестіру жолымен қол 
жеткізіледі. 
ЭҚҚ сәйкес электр қондырғыларының жерге тұйықталуын немесе 
нөлденуін орындау қажет: 
- 380 В және одан жоғары кернеу кезінде - барлық электр 
қондырғыларында; 
- номиналды кернеуі 42 В жоғары, бірақ 360 В төмен болғанда-
қауіптілігі жоғары, аса қауіпті және сыртқы қондырғыларда ғана. 


28 
8.1 сурет – Нейтралы оқшауланған (IT типті) және электр қондырғының
қорғаныштық жерге тұйықталған желі сұлбасы 
Жерге тұйықтауға немесе нөлдеуге жататын бөліктер: 
- электр машиналарының, трансформаторлардың, аппараттардың
шамшырақтардың және т. б. корпустары.; 
- электр аппараттарының жетектері; 
- тарату қалқандарының, басқару қалқандарының, қалқандардың және 
шкафтардың қаңқалары; 
- тарату құрылғыларының металл конструкциялары, металл кәбілдік 
жалғау муфталары, бақылау және күш кабельдерінің металл қабықтары мен 
сауыты, металл жеңдер мен электр сымдарының құбырлары, шина 
сымдарының қаптамалары мен тірек конструкциялары, лотоктар, қораптар
ішектер, сым арқандар мен кабельдер, сымдар бекітілген болат жолақтар, 
сондай-ақ электр жабдығы орнатылатын басқа да металл конструкциялар; 

қозғал
малы және жылжымалы электр қабылдағыштардың металл 
корпустары; 

станоктардың, машиналар мен механизмдердің қозғалатын 
бөліктерінде орналасқан электр жабдықтары; 

құрылыс және өндірістік құрылымдар, барлық мақсаттағы 
стационарлық төселген құбырлар, технологиялық жабдықтардың металл 
корпустары, кран асты және темір жол рельс жолдары және т. б. 
Жерге тұйықтау құрылғыларын орындау. 
Жерге тұйықтау құрылғысы деп 
жерлендіргіштің
, жерге тұйықтау 
магистралінің және жерге тұйықтау өткізгіштерінің жиынтығын айтады. 
Ж
ерлендіргіш
деп өткізгіш (электрод) немесе жермен жанасудағы бір-
бірімен жалғанған өткізгіштердің (электродтардың) жиынтығы аталады. 
Жерлендіргіштің орналасу орнына байланысты жерге тұйықтау 
жабдығына қатысты жерге тұйықтау құрылғыларының екі түрі болады: 
сыртта орналасатын (шығарылатын) және контурлық. 


29 
Шығарылатын жерге тұйықтау құрылғысының жерлендіргіші жерге 
тұйықталатын жабдығы орналасқан алаңнан тыс шығарылуымен орналасады.
Шығарылатын 
жерге 
тұйықтау 
құрылғысы 
жоғары 
вольтты 
тұтынушылар болмаған, ал төмен вольтты тұтынушылар қуаты аз болған 
жағдайда қолданылады. Әдетте оны қорғалатын аумақта жердің жоғары 
кедергісі (мысалы, құмды немесе жартасты топырақ) және осы аумақтан тыс 
жерде жердің едәуір жақсы өткізгіштігі бар жерлер болған кезде қолданады. 
Контурлық жерге тұйықтау жиі қолданылады, бұл ретте жерге тұйықтау 
контуры 0,4 немесе 6 кВ, 10 кВ тарату құрылғыларының (ТҚ) сыртқы 
периметрі бойынша орналастырылады. Егер ТҚ–6 кВ немесе ТҚ–10 кВ 
болмаса, онда жерге тұйықтау контуры төмен вольтты тұтынушыларды 
қоректендіретін ТҚ–0,4 кВ қамтиды. Жерге тұйықтау контурынан 
тұтынушылар орналасқан үй-жайдың ішкі қабырғалары бойынша жерге 
тұйықтау магистралі жүреді. Осы тұтынушылардың жерге қосуға жататын 
барлық металл бөліктері мен оларды басқару құрылғылары жерге тұйықтау 
өткізгіштері арқылы жерге тұйықтау магистраліне қосылады. 
Жерлендіргіштердің екі түрі болады: жасанды жерге тұйықтағыштар – 
тек қана жерге тұйықтау мақсатына арналған және табиғи – жердегі өзге 
мақсаттағы металл заттары. 
ЭҚҚ электр қондырғыларын жерге тұйықтау үшін бірінші кезекте 
табиғи жерге тұйықтағышты пайдалануды ұсынады: жерге салынған металл 
құбыржолдар (жанғыш сұйықтықтардың, жанғыш немесе жарылғыш газдар 
мен қоспалардың құбыржолдарын қоспағанда); ұңғымалардың шегендеу 
құбырлары; жермен жанасатын ғимараттар мен құрылыстардың металл және 
темір-бетон конструкциялары; гидротехникалық құрылыстардың металл 
бөліктері; жерге салынған кабельдердің қорғасын қабықтары және басқа да 
осындай элементтер. 
Жасанды жерге тұйықтағыштар үшін тік және көлденең электродтар 
қолданылады. Тік электродтар ретінде қабырғасының қалыңдығы кемінде 3,5 
мм болатын болат құбырлар және сөрелерінің қалыңдығы кемінде 4 мм, 
ұзындығы 2,0 – 3,0 м болатын бұрыштық болат қолданылады...Ұзындығы 10 
м-ден кем емес шыбықты болат да кеңінен қолданылады. 
Жерге тік тұйықтағыштарды орнату үшін...ғимарат қабырғасынан 2,0 – 
3,0 м қашықтықта тереңдігі 0,7 – 0,9 м ор қазады және ордың түбіне 
электродтарды қағады немесе бұрайды. Олардың жоғарғы ұштары 
дәнекерлеудің көмегімен қимасы 48 мм
2
-ден кем емес тілкем болатпен 
жалғанады. Орларды қиыршықтас пен құрылыс қоқысынан тазартылған 
топырақпен жабады. 
Көлденең электродтар периметрі бойынша тік электродтарды қосатын, 
сондай-ақ жерлендіргіштердің көлденең теңестіруші потенциалдары ретінде 
пайдаланылатын қимасы кемінде 48 мм
2
тілкем болаттан жасалады. Жерге 
тұйықталған бөліктерді жерлендіргішпен жалғауға арналған жерге 
тұйықтағыш өткізгіш ретінде тілкем болат немесе дөңгелек қималы болат 
(қимасы кемінде 24 мм
2
) қолданылады. 


30 
Жерге тұйықтау өткізгіштерін өзара, сондай – ақ жерледіргіштермен 
және жерге тұйықтау құрылымдарымен жалғау дәнекерлеумен, ал 
аппараттардың, машиналардың және басқа жабдықтардың корпустарымен-
дәнекерлеумен немесе болттардың көмегімен орындалады. Жерге тұйықтау 
магистралін жерге тұйықтағышқа қосу екі жерде орындалады. Жерге 
тұйықтау 
магистральдары 
мен 
өткізгіштерді 
салу 
ғимараттардың 
конструкциялары бойынша, оның ішінде қабырғалары бойынша ашық 
жүргізіледі. 
Жерге тұйықтау құрылғысын есептеу. 
Есептеу мақсаты – жерге тұйықтау құрылғысының негізгі параметрлерін 
анықтау: электродтардың санын, мөлшерін және орналасуын. Есептелген 
параметрлер келесі шартқа сәйкес болу керек: 
R ≤ R
ж
,
мұндағы R - жерге тұйықтау құрылғысының есептік кедергісі, Ом; 
R
ж 
- жерге тұйықтау құрылғысының ең жоғары рұқсат етілген кедергісі, 
Ом. 
R
ж
мәні кернеу шамасына, электрмен жабдықтау жүйесінің түріне және 
қоректендіруші трансформатордың қуатына байланысты белгіленеді: 
- нейтралы оқшауланған желі 1 кВ жоғары (6, 10 кВ) электр 
қондырғыларында жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 10 Ом аспауы 
тиіс; 
- нейтралы оқшауланған немесе нейтралы жерге тұйықталған 1 кВ 
дейінгі электр қондырғыларында жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 4 
Ом аспауы тиіс. 
Қуаты 100 кВ∙А және одан аз генераторлар мен трансформаторлардың 
жерге тұйықтау құрылғыларында 10 Ом артық емес кедергісі болуы тиіс [1]. 
Әр түрлі кернеудегі 0,4 және 6 (10) кВ электр қондырғыларын бірлесіп 
пайдалану кезінде жалпы жерге қосу құрылғысын орындау ұсынылады. 
Мұндай жерге тұйықтау контурының кедергісі 4 0м аспауы тиіс. Егер 
трансформаторлардың (генераторлардың) қуаты Ѕ
н
≤ 100 кВ∙А болса, онда 
жалпы жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі 10 Ом аспауы тиіс. 
Есептеуді орындау үшін қажет: 
- электр жүйесінің сипаттамасы (жүйенің түрі, кернеу), қоректендіруші 
трансформатордың қуаты; 
- электр жабдықтарының негізгі өлшемдері мен орналасуы көрсетілген 
қорғалатын объектінің жоспары; 
- топырақтың және объектінің климаттық аймағының сипаттамасы; 
- табиғи жерге тұйықтағыштардың болуы және оларды пайдалану 
мүмкіндігі туралы мәліметтер. 
Есептеу тәртібі. 
1. Жасанды жерге тұйықтағыштың талап етілетін кедергісін анықтау. 


31 
Көп жағдайда жерге тұйықтау құрылғысының кедергісі негізінен жерге 
тұйықтау тогының ағу кедергісімен анықталады. Сондықтан практикалық 
есептеулерде магистралды және жерге тұйықтау өткізгіштерінің кедергісі, 
әдетте, ескерілмейді (қорғалатын объектіден едәуір қашықтықта сыртта 
орналасатын жерге тұйықтау). 
2. Жасанды жерге тұйықтағыштың түрі мен алдын ала сұлбасын таңдау. 
Жерге тұйықтау түрі (сыртқа шығару немесе контурлық) жоғарыда 
баяндалған талаптарды ескере отырып, бастапқы деректерді талдау негізінде 
таңдалады. Бұдан әрі электродтардың мөлшерін, нысанын таңдауға және 
оларды учаске жоспарында шамамен орналастыруға кіріседі. Бір өзекті жерге 
тұйықтағыштар санын анықтағанда және бір электродтың кедергісін есептей 
отырып, электродтар алаңға тиісті түрде (қатарға, контурға және т.б.) 
орналастырылады. 
3. Жерге қосқыш параметрлерін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет