39
11 дәріс. Электр техникалық персоналға қойылатын талаптар
Дәрістің мақсаты: электр қондырғыларына қызмет көрсететін
жұмыскерлер туралы, жабдықты пайдалану кезінде оларға дайындық
ұйымдастыру және қойылатын талаптар туралы мәлімет беру.
Электр қондырғыларын пайдалануды дайындалған электр техникалық
қызметкірлер жүзеге асыруы тиіс. Электр қондырғыларына қызмет көрсететін
қызметкірлер арнайы дайындалған, сау, тиісті кәсіби дағдылары болуы тиіс.
Кәсіпорынның электр техникалық қызметкірлері былай бөлінеді [5]:
- әкімшілік-техникалық - электр қондырғыларындағы жедел ауыстырып-
қосуларға, жөндеу, монтаждау және баптау жұмыстарын ұйымдастыратын
және тікелей қатысатын;
- жедел - кәсіпорынның, цехтың электр шаруашылығын жедел
басқаруды, сондай-ақ электр қондырғыларына жедел қызмет көрсетуді жүзеге
асыратын (тексеру, ағымдағы пайдалану тәртібінде жұмыс жүргізу, жедел
ауыстырып қосу, жұмыс орнын дайындау, жұмыс істеушілерге рұқсат беру
және қадағалау);
- жөндеуші - электр жабдықтарын жөндеу, қайта құру және монтаждау
бойынша барлық жұмыс түрлерін орындайтын. Осы санатқа сондай-ақ,
мамандандырылған
персонал
кіреді.
Ол
қызметтерінің
(сынақ
зертханаларының қызметтері, автоматика және бақылау-өлшеу аспаптарының
және т. б.), міндеттеріне сынақ жүргізу, өлшеу, аппаратураларды баптау,
реттеу және т. б. жұмыстар жатады;
- жедел-жөндеу - шағын кәсіпорындардың (немесе цехтардың), оған
бекітілген электр қондырғыларында жедел жұмыстарды орындау үшін арнайы
оқытылған және дайындалған жөндеу қызиеткерлер.
Электр қондырғыларында жұмыс істейтін қызметкерлердің кәсіптік
дайындығы жұмысының тиісті сипатына ие болуы тиіс. Мұндай дайындық
болмаған жағдайда бұл қызметкерлер дербес жұмысқа жіберілгенге дейін
қызметкерлер даярлаудың мамандандырылған орталықтарында (оқу-жаттығу
орталықтары, оқу комбинаттары және т.б.) оқудан өтуі тиіс. Оқыту үшін
қызметкерге жабдықтармен, аппаратурамен, жедел сұлбалармен танысу және
осы лауазым (кәсіп) үшін қажетті көлемде бір мезгілде зерделеу үшін
жеткілікті мерзім берілуі тиіс:
- электр қондырғыларын орнату ережелері, қауіпсіздік ережелері,
өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету ережелері мен
тәсілдері, қорғау құралдарын қолдану және сынау ережелері, осы ережелер;
- лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтар;
- еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар;
- осы тұтынушыда қолданылатын басқа ережелер, нормативтік және
пайдалану құжаттары.
Оқыту бағдарламасы ең аз теориялық білімдерді, сондай-ақ электрмен
жабдықтау сұлбаларын, электр жабдықтарын монтаждау және жөндеу
40
мәселелерін, қолданыстағы нормативтік құжаттарды, техниканың жаңа
түрлерін, электр қауіпсіздігін зерделеуді қамтиды. Өндірістік оқыту
аяқталғаннан
кейін
электротехникалық
қызметкерлер
біліктілік
комиссиясында электр қауіпсіздік тобына ие болу үшін білімін тексеруден
өтуі тиіс. Барлығы 5 топ қарастырылған. Электр техникалық қызметкерлерге
II-V біліктілік топтары беріледі.
Электр техникалық персонал дербес жұмысқа тағайындалғанға дейін
немесе электр қондырғыларын пайдалануға байланысты басқа жұмысқа
(лауазымға) ауысу кезінде, сондай-ақ электр техникалық қызмткер ретінде
жұмыста 1 жылдан астам үзіліс болған кезінде жұмыс орнында
тағылымдамадан (өндірістік оқудан) өтуге міндетті.
Тағылымдама барысында қызметкер:
- пайдалану, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын
меңгеру және оларды жұмыс орнында іс жүзінде қолдану тиіс;
- осы лауазымдағы (кәсіптегі) жұмыс істеу үшін білімі міндетті еңбекті
қорғау жөніндегі сұлбаларды, өндірістік нұсқаулықтар мен нұсқаулықтарды
зерделеу тиіс ;
- өз жұмыс орнында нақты бағдарлауды пысықтау тиіс ;
- өндірістік операцияларды орындауда қажетті практикалық дағдыларды
меңгеру тиіс ;
- қызмет көрсетілетін жабдықты апатсыз, қауіпсіз және үнемді
пайдалану тәсілдері мен шарттарын зерттеу тиіс.
Қызметкерлерді кәсіптік даярлау, олардың біліктілігін арттыру,
білімдерін тексеру және нұсқамалар қауіпсіз жұмыс және еңбекті қорғау
жөніндегі салалық және мемлекеттік нормативтік актілердің талаптарына
сәйкес жүргізілуі тиіс.
Қызметкерлердің денсаулық жағдайын тексеру оларды жұмысқа
қабылдағанға дейін, сондай-ақ жұмыс уақытында салалық министрліктер мен
ведомстволарда көзделген тәртіппен және мерзімдермен жүргізіледі.
Электр қондырғыларына қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлер
міндетті түрде қауіпсіздік техникасы ережелерін, сондай-ақ басқа да
нормативтік-техникалық құжаттарды (өрт қауіпсіздігі, қорғаныс құралдарын
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, электр қондырғыларының ережелері және
т.б.) әрбір белгілі бір кәсіп пен лауазымға қойылатын талаптар шегінде білімін
тексеруден өтеді. Бұдан басқа мұндай қызметкерлер
электр қауіпсіздік тобына
ие
болуы тиіс.
Қызметкерлер еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың
барлық талаптарын, сондай-ақ нұсқаулық кезінде алынған нұсқауларды
сақтауы тиіс. Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау
білімінен тексеруден өткендрге тексеру нәтижелері жазылған белгіленген
нысандағы куәлік беріледі.
Арнаулы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар қызмекерлердің
куәліктерінде бұл туралы жазба болуы тиіс. Мұндай жұмыстарға мыналар
жатады: жоғары кернеулі жабдықтарды сынау (мегомметрді пайдалану
41
жұмыстарынан басқа), жоғары өрмелі жұмыстар, ток өткізгіш бөліктердегі
кернеудегі жұмыстар (сымдарды жөндеу, жуу, оқшаулағыштарды тазалау
және ауыстыру, сым арқандарды майлау, жалғағыш қысқыштар мен
оқшаулағыштарды өлшеу қарнағымен бақылау). Жергілікті жағдайларды
ескере отырып, арнайы жұмыстардың тізбесі кеңейтілуі мүмкін.
Электр техникалық қызметкерлер кәсіпорынның технологиялық
ерекшеліктерін анық сезінуі, еңбек тәртібін қатаң сақтауы, қауіпсіздік
техникасы ережелерін және электр қондырғыларын техникалық пайдалану
ережелерін (ТПЕ және ҚТҚ), нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік
құжаттардың талаптарын білуі және орындауы тиіс. ТПЕ және ҚТҚ бұзған
адамдар тәртіптік және әкімшілік тәртіппен жазаланады.
Кейіннен жұмыс істеп тұрған электр қондырғыларына тікелей қызмет
көрсететін электр техникалық қызметкерлер жыл сайын тексеруден өтуі тиіс.
ТПЕ және ТҚЕ бұзушылықтарына жол берген тұлғалар кезектен тыс
тексеруге жатады. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда қайта тапсыруды
тағайындайды. Үшінші рет қанағаттанарлықсыз білімін көрсететін
қызметкерлер электр қондырғыларына қызмет көрсетуге жіберілмейді, олар
басқа жұмысқа ауыстырылуы тиіс.
ТПЕ және ҚТҚ электр техникалық қызметкерлерінің орындауы үшін
әрбір кәсіпорында жауапкершілік лауазымдық нұсқаулықтармен және
ережелермен анықталады. Кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен (өкімімен)
электр техникалық қызметкерлері қатарынан электр шаруашылығына
жауапты адам тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |