«№72 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ішкі тәртіп»



бет1/7
Дата20.09.2023
өлшемі34,54 Kb.
#181757
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ишки енбек тартиби (1)
1 сынып 1- тоқсан еңбек, 1 сынып 1- тоқсан еңбек, ответымен жаттау (14), ППҚ бұйрық-02, Тәлімгер. Сабақ №3 Әдістемелік ұсынымдар

Мектеп директорының міндетін атқарушы «Келісемін»
2023 жылы 31 тамыздағы № 85 Кәсіподақ ұйымының төрағасы
бұйрығымен «БЕКІТІЛГЕН» _____________ Қ.Иманқұлов
_______Н.Райымбекова 2023 жылдың 31 тамыз
« №72 жалпы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Ішкі тәртіп» ережесі.
1. Жалпы ережелер
1.1.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес азаматтардың еңбек етуге құқығы бар. Еңбек тәртібін сақтау, өзі таңдаған қоғамға пайдалы қызметті ҚР азаматының міндеті. Еңбек тәртібі – бұл тек мектептің ішкі тәртібін ғана сақтау емес, сонымен бірге өз жұмысына саналы түрде шығармашылықпен қарау және оның жоғары сапасын қамтамасыз ету, уақытты дұрыс пайдалану болып табылады.
Мектеп қызметкерлері ішкі тәртіп ережелері мен Еңбек кодексіне сәйкес адал еңбегі үшін марапатталады және ішкі тәртіпті бұзушыларға тәртіптік шаралар қолданылады.
1.2. Осы ішкі тәртіп ережелері мектеп ұжымының бір қалыпта жұмыс істеуін ұйымдастырудың негізгі жағдайларын анықтайды.
1.3. Ішкі тәртіп ережелеріне байланысты барлық мәселелерді мектеп әкімшілігі өзіне берілген құқықтары негізінде, ал кейбірін қолданыстағы заңдарда көрсетілген жағдайларда кәсіподақ ұйымымен бірге немесе келісімі бойынша шешеді.
2. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және босату тәртібі .
2.1.Қызметкерлердің мектепке жұмысқа орналасуы еңбек шарты арқылы жүзеге асырылады
2.2. Еңбек шарты жазбаша түрде жасалынады, жұмысқа қабылдану мектеп директорының бұйрығымен рәсімделеді.
2.3.Жұмысқа қабылданушы мекемеге еңбек кітапшасын тапсыруға міндетті.
2.4.Жұмысқа қабылданушылар (мұғалімдер,педагог-психолог, кітапханашы, медбике,) арнайы білімі туралы қажетті құжаттарын көрсетуге міндетті.
2.5.Қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда мектеп әкімшілігі міндетті:

  • мектеп Жарғысымен , тапсырылған жұмыспен еңбек жағдайлары мен айлық жалақысының мөлшерімен таныстыруға;

  • лауазымдық нұсқауларға сәйкес оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

  • ішкі тәртіп Ережелерімен таныстыруға;

  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникалары, өндірістік санитария және гигиена өрт қауіпсіздігі Ережелері туралы нұсқаулықтан өткізуге;

2.6. Еңбек шартының тоқтатылуы заңнамалар негізінде жүргізіледі.
2.7.Жұмыстан босаған күні мектеп әкімшілігі қызметкерге жұмыстан босату туралы енгізілген жазумен еңбек кітапшасын беруге міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет