4.Мектеп әкімшілігінің міндеттері: 4.1.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және басқа да еңбек туралы нормативтік актілерді еңбек туралы келісімдерді сақтауға;
4.2.Кәсіподақ ұйымының талаптары бойынша ұжымдық келісім – шарт жасасуға;
4.3.Білім мекемесінің басқаруына қызметкерлердің қатысуына жағдай жасауға, әлеуметтік қарым-қатынасты нығайту мен дамытуға;
4.4.Еңбек шартында, ішкі тәртіп ережелерінде ұжымдық еңбек шарттарында көрсетілген мерзімдерде қызметкерлердің толық еңбек ақысының төленуін қамтамасыз етуге;
4.5.Жұмыс орындардың сақталуына іс-шара өткізуге;
4.6.Қызметкерлердің қауіпсіздік техникалары, өндірістік санитария мен гигиена, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша білімдерін қадағалауға және орындалуына;
4.7.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің және қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдайлар жасауға;
4.8.Білім беру процесінің сапасына, сабақ кестесінің сақталуына,оқу бағдарламасының,оқу жоспарының орындалуына қадағалауға, бақылау жасауға;
4.9.Қызметкерлердің мектеп жұмысының жақсаруына бағытталған ұсыныстарын уақытылы қарауға;
4.10.Оқу процесін және еңбек тәртібін барынша нығайтуға;
4.11.Барлық мектеп қызметкерлерін уақытылы еңбек демалысына жіберуге;
4.12.Педагог кадрлардың біліктілігін көтеруді жүйелі түрде қамтамасыз етуге;
4.13.Мектеп Жарғысы мен ішкі еңбек тәртіп Ережелерінің талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге;
4.15. Қызметкерлердің еңбегін үнемі ұйымдастыруға;
4.16. Еңбек және өндіріс тәртіптерін барынша нығайтуға;
4.17. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мұғалімдер, тәрбиешілер мен басқа қызметкерлердің озат іс-тәжірибесін таратуға және енгізуге;
4.18. Қызметкерлердің кәсіптік және іскерлік біліктілігін жүйелі көтеруін қамтамасыз етуге;
4.19. Мектепті керекті құралдармен, шаруашылық жабдықтармен дер кезінде қамтамасыз етуге;
4.20. Мектеп мүлкін сақтауға;
4.21. Еңбекті қорғау ережелері мен өртке қарсы күрес ережелеріне сәйкес жұмыс жағдайын жасауға;
4.22. Мектеп қызметкерлерінің жұмысқа келіп – кетуін тіркеуді ұйымдастыруға;
4.23. Айлық жалақысының уақтылы берілуін қадағалауға міндетті;