«№72 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ішкі тәртіп»


Педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оны пайдалану



бет4/7
Дата20.09.2023
өлшемі34,54 Kb.
#181757
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ишки енбек тартиби (1)
1 сынып 1- тоқсан еңбек, 1 сынып 1- тоқсан еңбек, ответымен жаттау (14), ППҚ бұйрық-02, Тәлімгер. Сабақ №3 Әдістемелік ұсынымдар
5.Педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оны пайдалану:
5.1. Мектепте жұмыс уақыты 40 сағаттық ұзақтықпен 5 күндік жұмыс аптасына белгіленген.
5.2. Педагогика қызметкерлерінің оқу жүктемесін мектеп директоры бастауыш кәсіподақ ұйымының келісімімен белгілейді (жаңа оқу жылына қызметкерлер демалысқа кеткенге дейін) және төмендегі жағдайларды ескеруі қажет:
- мұғалімнің сабақ және оқу жүктемесінің көлемін сақтау;
- жас мамандарды еңбек ақысының ставкасына сәйкес оқу жүктемесімен қамтамасыз ету;
- қызметкерлердің толық емес жүктемесі тек оның жазба түріндегі келісімі болған жағдайда;
- мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы бойы тұрақты болуы;
5.3.Техникалық қызметкерлердің жұмыс күнінің ұзақтығы кестеге сәйкес белгіленеді және кәсіподақ ұйымының келісімі бойынша мектеп әкімшілігімен бекітіледі.
5.3. Мұғалімнің жұмыс күні сабақ басталудан 15 минут бұрын басталып, сабақтың соңынан 20 минуттан кейін аяқталады. Бұл уақыт кабинетті немесе сынып бөлмесін сабаққа санитарлық-гигиеналық нормаларға сай етіп дайындауға беріледі.
5.3.1.Әкімшілік кезекші, кезекшілікке сабақтардың басталуына 30 минут қалған кезде келеді.
5.4. Мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жұмыс уақыты 8.30. –да басталады. Мұғалімнің жұмыс уақыты келесі жағдайларда ұзартылуы мүмкін:
5.4.1.Педагогикалық кеңес, директор және оның орынбасарларының жанындағы әкімшілік мәжілістер, өндірістік мәжілістер өткізгенде;
5.4.2.Ауырып қалған немесе басқа себептермен болмай қалған мұғалімнің орнын басқан жағдайда;
5.4.3.Мұғалім сыныптан тыс жұмыспен айналысқанда (қоғамдық іс-шараларды дайындау, сенбілік кездерінде) және мұғалім өзінің тікелей міндеттерін атқарғанда «сынып құжаттамасын жүргізу, сынып журналдарын толтыру, оқушылардың қатысуы мен үлгерімі туралы есеп беру» кезінде;
5.5. Оқу уақыты барысында мұғалімдер кезекті сабақтарын қоңыраумен бастайды, үзілісте оқушыларды кідіртуге рұқсат етілмейді, сабақты қоңыраудан соң бастау мұғалім жұмыс орнында болмаған боп есептеледі.
5.6. Мұғалімдер кезекшілігінің кестесі кәсіподақ ұйымының келісімімен бекітіледі.
5.7. Мектеп директоры орынбасарларынан әкімшілік кезекші тағайындайды. Әкімшілік кезекші өз міндеттерін директор бекіткен кезекшілік кестесіне сәйкес атқарады.
5.8. Оқушылардың демалыс кезі мектеп қызметкерлерінің жұмыс уақыты болып табылады.
5.9. Оқушылар демалысы кезінде себепсіз жұмысқа келмеу жұмыста болмаған болып есептеледі.
5.10. Мектептің педагогикалық және басқа қызметкерлеріне тыйым салынады:
- Өз еркімен сабақ кестесін өзгертуге;
- сабақтар ұзақтылығын ауыстыруға , ұзартуға, қысқартуға;
- Оқушыларды мұғалімсіз кабинеттерде жеке қалдыруға;
- оқушыларды сабақтан босатуға;
- әріптестеріне тікелей міндеттерін орындауға кедергі жасауға;
5.11. Мектептің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары оқушылар мен мұғалімдерге сабақ кестесінде өзгерістер болған жағдайда алдын ала ескертуі қажет.
5.12. Мәжілістер, педкеңес,оқушылар жиынының,ата-аналар жиналысының өткізілу күні алдын ала белгіленеді: мәжілістер- дүйсенбі, мектеп директоры жанындағы мәжіліс айына бір рет, педкеңестер – жоспар бойынша (тоқсанда бір реттен кем емес), оқушылар жиыны бірінші ауысым-дүйсенбі, екінші ауысым-сейсенбі, ата-аналар жиналысы әр тоқсан сайын.
5.13. Бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер үшін мектепте біртұтас педагогикалық ережелер белгіленеді.
5.14.Сабақ қоңырау бойынша басталып аяқталады;
5.15.Сабақтың әр сәті оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға жұмсалады.
5.16.Сабақтың тәрбиелік қызметі, білім беру және дамыту қызметтерімен байланысады.
5.17.Сабақтың тәрбиелік мақсаты,сабақтың мазмұны, ұйымдастырылуы,әдістемесі, мұғалімнің жеке әсері арқылы жүзеге асырылады.
5.18.Мұғалімнің мінез-құлқы, жүрісі-тұрысы ұстамды, сабырлы болуға тиіс;
5.19.Оқушылар тәртібі көзқарас, дауыс ырғағын өзгерту , үнемдеу және басқа педагогикалық тәсілдермен жөнге келтіріледі;
5.20.Оқушыға айқайлауға, балағаттауға,ар-намысына тіл тигізуге қатаң түрде тыйым салынады;
5.21.Дәптерлерді рәсімдеу және жүргізу талаптары педкеңесте және әдістемелік бірлестіктерде жасалған біртұтас орфографиялық тәртіпке негізделеді.
5.22.Бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер оқушылардың мұғалімге деген сенімін өзара сыйластық, пәнаралық байланыстар арқылы нығайтады.
5.23.Тәрбиедегі маңызды орынды жоғары кәсіптік қасиеттер алады:
5.24.Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін, түрлерін , құралдарын іздеу және оларды талдау мұғалім жұмысының маңызды бөлігі болып табылады.
5.25.Мектептің ішкі тәртіп Ережелері біртұтас болып табылады және оларды мектептің барлық қызметкерлері орындауға міндетті. Ережелердің сақталуын бақылау мектеп әкімшілігі және кәсіподақ кеңесіне жүктеледі.
5.26. Кезекшілік кестесін кәсіподақ ұйымымен келісіп, мектеп әкімшілігі бекітіп,көрнекті жерге іліп қояды. Жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі емізулі баласы бар аналарды кезекшілікке тартуға тыйым салады.
5.27. Жазғы ,қысқы, көктемгі каникул күндерінде мектеп қызметкерлері мен мұғалімдері және орынбасарлар жұмысқа апталық жүктемесіне сәйкес тартылады.
5.28.Мұғалімдерге өз бетінше сабақ кестесіне өзгертуге, сабақ уақытын ұзартуға немесе қысқартуға жол берілмейді.
5.29. Мектеп әкімшілігіне оқушыларды сабақ үстінде басқа шараларды өткізу үшін босатуға жол берілмейді.
5.30. Мұғалімдерді сабақ үстінде өзінің міндетінен бөлек жұмыстарға тартуға жол берілмейді.
5.31.Сабақ басталғаннан кейін кіруге ерекше жағдайда мектеп директоры мен оның орынбасарына ғана рұқсат етіледі.
5.32.Жұмыс уақытынан кешіккен мұғалімдер мен қызметкерлер мектеп директоры мен оның орынбасарының рұқсатынсыз жұмысқа жіберілмейді және сол күндік ақысы қысқартылады.
5.33.Тәртіп бұзушылық орын алған жағдайда түсініктеме талап етіледі.Түсініктеме беруден бас тартқан жағдайда комиссия мүшелерінің қатысуымен кесім түзіледі.
5.34.Әрбір қызметкерлер мен мұғалімдерге Еңбек кодексінде көрсетілген жағдайда ғана жұмыстан сұрануға рұқсат етіледі. (туысы қаза болған жағдайда, жылдық, қырық күндік асқа т.б.)
6.Мектеп директорының орынбасарлары мен кезекші мұғалімдер үшін жұмыс уақыты:
6.1.Кезекші орынбасардың жұмыс уақыты:
08:15 - 14:30 үзіліс 15:30 – 19:10
Кезекші емес орынбасардың жұмыс уақыты
08:30 – 13:00 үзіліс 15:00 – 18:30
Шаруашылық меңгерушісі жұмыс уақыты
8:30 – 13:00 үзіліс 15:00 – 18:30


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет