11
ток кезінде бұлшықеттердің тек қол мен аяқтың ғана емес, кеуде қуысының да
тырысқақ қысқаруы орын алады. Токтың одан әрі көтерілуі тыныс алу
бұлшық еттерінің салына және тыныс алудың тоқтауына әкеледі. 50 Гц жиілігі
100 мА айнымалы ток кезінде және 300 мА шамасы тұрақты ток кезінде жүрек
фибрилляциясы болуы мүмкін. Бұл токтар фибрилляциялық деп аталады.
Айнымалы және тұрақты токтың әсері бір мәнді емес. Ең қауіпті \жиілігі
40 – 60 Гц айнымалы ток. Жиіліктің ұлғаюымен зақымдаушы әрекет
төмендейді. Кернеуі 500В дейінгі айнымалы ток сол кернеудің тұрақты
тогына қарағанда аса қауіпті. 500 В кернеу кезінде
айнымалы және тұрақты
токтың зақымдайтын әсері шамамен бірдей; кернеу шамасы 500 В жоғары
болғанда тұрақты ток айнымалы токқа қарағанда аса қауіпті болады.
Электр жарақаттарының кернеуіне байланысты төмен вольтты – 1000 В
артық емес және жоғары вольтты – 1000 В жоғары, аса жоғары вольтты –
ондаған және жүздеген киловольт, сондай-ақ найзағайдың зақымдануы
бөлінеді. Кернеу шамасы мен ток күшінің
ұлғаюымен оның зиянды әсері
артады.
Токтың зақымдау әрекеті едәуір дәрежеде оның әрекет ету уақытымен
анықталады, ол уақыт ұлғаюымен күшейеді. Электр тогымен зақымданудан
қорғау келесі деректерді ескере отырып есептеледі:
ток, мА 2 6 50 75 100 200
әсер ету ұзақтығы, с 10-н артық 10-н артық емес 1,0 0,7 0,5 0,2
Токтың әсер ету ұзақтығы ұлғаюымен адам терісінің кедергісі күрт
төмендейді, жүректің зақымдануы және басқа да теріс салдары болуы мүмкін.
Электр тогынан зақымдану токтың өту жолына байланысты. Ең
ықтимал жолдар: төменгі ілмектер (аяғы-аяғы) – ең аз қауіпті; жоғарғы
ілмектер (қол-аяғы) – аса қауіпті; ең қауіпті-толық ілмектер(екі қол - екі аяғы)
– ток жүрек арқылы өтеді. Ең қауіптілерге «басы-қол», «басы-аяғы» жатады.
Адамның жеке ерекшелігі электр тогымен зақымданудың нәтижесіне
әсер етеді. Физикалық сау адамдар науқастар мен әлсіздерге қарағанда электр
соққысын жеңілдете түседі. Жүрек-қантамыр жүйесі, өкпе, жүйке жүйесі, тері
және т. б. ауруларынан зардап шегетін адамдар
жоғары сезімталдылықпен
ерекшеленеді.
Электр тогымен зақымданудың нәтижесіне адам денесінің кедергісі
қатты әсер етеді. Адам денесінің кедергісі бірдей емес. Ең үлкен кедергіге
терінің жоғарғы қабаты (0,2 мм) ие, ол өршіген жасушалардан тұрады, ал
жұлын сұйықтығының кедергісі 0,5 – 0,6 Ом құрайды. Есептеу кезінде
қарсылық адамдардың жынысы мен жасына байланысты екенін ескереді:
әйелдерде ол ерлерден аз; балаларда – ересектерден аз,
жас адамдарда егде
жастардан аз. Бұл терінің жоғарғы қабатын кесу қалыңдығы мен дәрежесімен
түсіндіріледі. Қысқа мерзімді (бірнеше минутқа) кедергінің төмендеуі
сыртқы, кенеттен пайда болатын, физикалық тітіркену тудырады: ауырсыну
(соққы, шаншу), жарық және дыбыс. Электр тогына адамның кедергісі
тұрақсыз және сызықсыз болғандықтан, осындай кедергілермен есеп жүргізу
12
қиын, шартты түрде адам денесінің кедергісін тұрақты,
сызықты және
белсенді деп есептеу қабылданған және 1000 Ом құрайды.
Электр қауіпсіздігі шарттары қоршаған ортаның параметрлеріне
(ылғалдылығы, температурасы, ток өткізетін шаңның болуы, еден материалы
және т.б.) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: