3.4.1. Орамаларының жалғану топтары бірдей болу жағдайы
Бірінші және екінші реттік номинал кернеулері бірдей ормаларының жалғану топтары Y/∆-11 және Y/Y-12 трансформаторлар параллель жұмысқа қосылып тұр деп ұйғарайық. Сәйкес фазаларының ЭҚК-терінің шамалары бірдей болады, бірақ фаза бойынша олар 30°-қа ығысқан (сур. 3.6). Екінші реттік орамалардың тұйықталған контурында бұл ЭҚК-тердің айырымы әрекет етеді.
Сур. 3.6. Y/∆-11 және Y/Y-12 топты
трансформаторлар параллель
жұмыс істегендігі
∆Е = 2E2 *sin15° = 0.518 E2
Теңгерме тоғы трансформаторлардың бірінші және екінші реттік орамалармен ағады, ал олардың мәндері ∆Е мен және осы ормалардың кедергілерімен, яғни трансформаторлардың қысқа тұйықталукедергілерімен анықталады.
Сондықтан
ITI = ITII = ∆Е /( ZkI + ZkII). (3.1)
Мысалы, егер екі трансформатордың қуаттары бірдей, ал ZkI = ZkII = 0,05 болса, онда теңгерме токтың салыстырмалы мәні
ІТ = = 5,18,
яғни бұл ток номинал токтан 5,18 есе көп, ал қысқа тұйықталу тоғымен шамалас.
Қорытынды: Орамаларының жалғану топтары әрқалай болған трансформаторларды параллель қосуға болмайды.
3.4.2. Трансформация коэффициенттерінің тіңдік жағдайы
Екі параллель істеуші трансформаторлардың екінші реттік кернеулері бірдей болмасын делік, мысалы екінші реттік ормалардың тұйықталған контурында бұл ЭҚК-тердің айырымы ∆ = Ė2I+Ė2II әрекет етеді, сондықтан теңгерме ток пайда болады.
Екінші реттік орамаларда бұл ток орамалардағы әрекет етуші ЭҚК-тер бағыттырына байланасты әртүрлі жаққа бағытталған. Бірінші трансформатор ІТІ теңгерме тогын, ал екінші трансформатор ІТІІ теігерме тоңын тұтынады. Трансформаторлардың орамалдарындағы теңгерме токтар туғызатын кернеудің құлауы ормалардың екінші реттік кернеулерін теңестіреді. Жүктемені қосқан кезде трансформаторларда ІжІ және ІжІІ жүктеме токтар пайда болады. Олар теңгерме токтармен қосылып, І2І және І2ІІ қосынды токтардың, яғни трансформаторлардың жүктемелерінің теңсіздігін туғызады (сур. 3.7).
а) б)
Сур. 3.7. Трансформация коэффициенттері k тең емес кездегі векторлық диаграммалар
Мысалы, екі трансформатордың қуаттары бірдей ZkI = ZkII = 0,05, ал трансформация коэффициенттері 1% -ға өзгеше болса, онда
ІТ = ∆Е /( ZkI + ZkII) = = 0,01
немесе 10% - тен, яғни теңгерме токтын шамасы едәуір болады.
Достарыңызбен бөлісу: |