Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет283/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

-
летие Советской психологии» 
(Киев, 1967); «Вопросы психологии 
мышления» (Психолог.наука в СССР, 
том 1, 1959) т.б.
Көз АККОМОДАЦИЯСЫ 
(көздің 
жаттығуы) – көз бұршағы дөңестігі-
нің өзгеруі арқылы көздің әр түрлі 
қашықтықтағы заттарды анық көру 
қабілеті. Мыс: жақындағы затты 
көргенде көз бұршағының дөңестігі 
артады. Аккомодация кезінде бұр-
шақтың алдыңғы дөңестігі 10-нан 6 
мм-ге, ал артқы дөңестігі 6-дан 5,5 
мм-ге дейін өзгере алатыны есептел-
ген. Көздің қозғалысы – көру ана-
лизаторының, ондағы ұзақта, жақын-
да қозғалып немесе жылжып бара 
жатқан нәрселерді көріп анықтауда 
маңызы зор. Көз алты бағытта (2 –
қиғаш, 4 – тура) бұлшық еттердің 
жәрдемімен тура сыртқа (42ä), ішке 
(45 ä), жоғары (54 ä), төмен (57 ä) 
қозғалады. Көздің өткірлігі – көру 
бұрышы бір минутқа тең болған жағ-
дайда, көздің екі нүктені жеке-же-
ке көру қабілеті. Көздің ең өткір жері 
сары дақ аймағы. Көз өткірлігін арна-
йы сандар немесе сөздер жазылған кес-
тені пайдалану арқылы анықтайды.
КөзҚАРАС 
– көз тастау, көз тігу. К. –
адамның, әлеуметтік топтың неме-
се тұтас қоғамның айналада болып 
жатқан үрдістерге және құбылыс-
тарға қатысын айқындайтын дүние-
танымдық категория. К. дүниетаным-
ды құрайтын элементтердің бірі бо-
лып табылады және оның қалыпта-
суы білім мен тәрбие негізінде, өмір
бойы үздіксіз үрдіс негізінде жүреді.
Көзқарастың калыптасуы үшін фи-
лософиялық, ғылыми, діни білімдер-
дің және қоғамдағы үстем идеоло-
гияның әсері мол.
КөЛГІРЛІК 
– мінездегі былайғы 
адамдарға ұнамайтын мінез сипаты. 
К. бір нәрсені біліп тұрып білмеген-
дік, мүләйімсушілік. К. білген нәр-
сені әдейі білмегенсіп сиқырлануды 
да білдіретін мінез қатпарларының 
жасырын сыры деуге де болады. 
«Көлгірленбе енді деді – Досбол 
(Ақынжанов)». К. мінез ерекшелігі 
ретінде сықақ, кекесін, сайқал, мүлә-
йімсу сияқты көріністерді де атай
береді. Бұл ерекшеліктер К.-тің сан 
қилы түрлері арқылы адам мінезінде
жиі кездесетінін білдірумен бірге 
адамның даралық психологиясының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет