Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет417/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
ОЙЛА
ОЙЛА


400
озып отырса сондай оқыту жақсы бо-
лады. Оқытудың маңызды белгісі бо-
лып табылатын оқыту дамудың таяу 
арадағы аймағын жасайды, демек, 
баланы өмірге шақырады, дамудың 
көптеген ішкі үрдістерін талпынды-
рады және қозғалысқа келтіреді. 
ОЙЛАУДАҒЫ ДАРА ЕРЕКШЕЛІК-
ТЕР. 
Ойлау – өте күрделі және жан-
жақты психикалық іс-әрекет, оны си-
паттау оңай емес. Адамдардың ойлау
іс-әрекетінің айырмашылығы ойлау-
дың әртүрлі сапаларында аңғары-
лады. Олардың ішінде бірден бір ма-
ңыздыларына жататындар – ойлау-
дың мазмұндылығы, тереңдігі, тезді-
гі, икемділігі, белсенділігі, сын тұр-
ғысынан кеңдігі және т.б.
Ойдың мазмұндылығы заттар мен 
құбылыстар, шыңдықтың салалары 
туралы сананың пікірлермен және
ұғымдармен жеткілікті болу дәреже-
сін айтамыз. Адамда неғұрлым ой
көп болса және неғұрлым әртүрлі
болса, соғұрлым оның ойлауы маз-
мұнды және бай келеді. Бірақ ойлау-
дың мазмұндылығы тек бар ойлау-
дың сапалық жағымен ғана сипатта-
лып қоймайды, сонымен қатар осы 
ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да 
ойдың мазмұндылығына тек байлы-
ғы емес, сонымен қатар оның терең-
дігі жатады.
Ойлаудың тереңдігі ойлауда ерекше 
маңызды қасиеттер мен сапалар, 
ерекше маңызды байланыстар мен 
қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың 
мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі 
адамнын іс-әрекетімен, оның білімі-
мен, тәжірибесімен, қиялының даму 
дәрежесімен айқындалады.
Ойлаудың мазмұндылығы мен терең-
дігі ойдың кеңдігімен де өлшенеді.
Ойлауы өте кең адамдарды біз кей 
жағдайларда ойлау диапозыны жан-
жақты, ойлы адам ретінде білеміз.
Ойлаудың кеңдігі адамның тәжіри-
бесіне, біліміне және онымен байла-
нысты қызығуына тәуелді.
Ойлау өз бетімен жұмыс істеу дәре-
жесіне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Ойлаудың дербестігі дегеніміз – адам-
ның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, 
басқа адамдардың көмегінсіз бұл мін-
деттерді өзінің айрықша әдістерімен 
шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ой-
дың белсенділігінде. икемділігінде, 
жеке сын тұрғысыпан қарауында.
Ойдың белсенділігі өзінің жаңа сұ-
рақтары мен міндеттерін қоя білуін-
де және іздену мен міндеттерді ше-
шу үшін жолдар мен тәсілдерді табу-
ға талпынуында аңғарылады.
Ойдың икемділігі міндеттерді шешу-
де алынған біржақты ескірген тәсіл-
дерден еркін болу ептілігінде, мін-
деттерді шешудің жаңа тәсілдерін 
тез ұйымдастыру немесе таңдауын-
да байқалады.
Сын тұрғысынан ойлау ақиқат және 
жалған ретінде басқаның немесе өзі-
нің ойларын тексеру мен бағалау қа-
білеттілігінде аңғарылады. Сын тұр-
ғысынан ойлауды айтылған ойлардың 
практикалық өмірлік құндылығын 
тексеру ептілігінде аңғарамыз. «Сыни 
ойлау» – бұл өзінің және басқаның 
ойларына өте қатаң қарау.
Ойдың ұшқырлығы қойылған сұрақ-
қа түпкілікті жауаптың қаншалықты 
уақыттың ішінде алынғандығымен 
анықталады. Яғни, бұл уақыт қара-
пайым ойлау үрдісінде біршама қыс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   413   414   415   416   417   418   419   420   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет