Ұ. Н. Мұқанова, А. А. Пірмағамбетова



Pdf көрінісі
бет1/191
Дата02.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130514
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191
Байланысты:
матем



 

Ұ.Н. Мұқанова, А.А. Пірмағамбетова 



 

 

 

 

 

ҚАРАПАЙЫМ  

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Әдістемелік нұсқау 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 



үлгілік оқу бағдарламасы бойынша  

екінші кіші топ 

(3–4 жас) педагогтеріне арналған 

 

 



Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым министрлігі ұсынған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматыкiтап баспасы 

2018 

 

 




 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқанова Ұ.Н., Пірмағамбетова А.А. 

           Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Әдістемелік нұсқау: 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ  

(3–4 жас) педагогтеріне арналған. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2018. – 78 б. 

 

 

                                                            © Мұқанова Ұ.Н., Пірмағамбетова А.А., 2018 

© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018

 

 

 

 

 

 



 

Түсініктеме  



 

 

«Қарапайым  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру»  оқу-әдістемелік  кешені 

төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған. 

1.

 



Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты 

(

Қазақстан Республикас  Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы 

 

№292  қаулысымен  бекітілген

).  Аталған  стандарт  Қазақстан  Республикасының 

мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін 

анықтайды;  

2.

 

1  жастан  6(7)  жастағы  балаларға  арналған  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 



үлгілік оқу бағдарламасы (

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің  

2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген

); 


3.

 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасы  (



Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің    2016  ж.  12  тамыздағы  №  499 

бұйрығымен  бекітілген

).  Жаңартылған  бағдарлама  мектепке  дейінгі  білім  берудің 

контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.  

ОӘК-ді  дайындаудың  негізгі  мақсаты–педагогтерге  «Қарапайым  математикалық 

ұғымдарды  қалыптастыру

» 

ұйымдастырылған  оқу  қызметінде  (бұдан  әрі  ҰОҚ)  жаңа 



педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар беру. 

ОӘК-ге: 


- әдістемелік нұсқау; 

- балаларға арналған жұмыс дәптері кіреді. 

 Әдістемелік  нұсқауда  бір  жылға  арналған  перспективалық  жоспар  мен    36  ҰОҚ-не 

арналған үлгі жоспарлар берілген. 

ҰОҚ-нің құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады: 

 



бірінші  кезең  –  ұйымдастыру  кезеңі  (жағымды  эмоционалдық  көңіл  күй 

қалыптастырып,  ҰОҚ-не  ықыласын  ояту,  балалардың  ұсынылып  отырған  ҰОҚ-нің 

тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет); 

 



екінші  кезең  –  негізгі  кезең,  бұл  үдеріс  барысында  зерттеліп  отырған  мәселе 

түсіндіріліп, балалардың бәрі оқу қызметіне белсенді араласады; 

 

үшінші  кезең  –  рефлексия,  бұл  кезеңде  жаңадан  алған  білім  игеріліп, 



қорытындыланады, баланың жеке біліміне айналады. 

Бір  ұйымдастырылған  оқу  қызметіне  (ҰОҚ)  1–3-  тапсырмалар  біріктірілген.  Ең 

күрделі тапсырма ҰОҚ-нің басында беріледі. Балаларды шаршатып жіберетін бірсарынды 

тапсырмалардан бас тартуды ұсынамыз. Әр педагог математикалық даму көрсеткіштерін 

ескере  отырып,  қандай  бағдарламалық  материалды  шектеу  немесе  мүлде  пайдаланбау 

керектігі туралы шешім қабылдайды.  

Әдістемелік нұсқауда сипатталған дамыту ойындар мен жаттығулар заманауи дамыту 

әдістемелерден  алынды,  олар  оқу  қызметінде  материал  ұсынуда  жаңа  көзқараспен 

ерекшеленеді,  бұл  оқу  қызметінде  бала  жай  тыңдаушы  ғана  емес,  тікелей  қатысушы 

болып  табылады.  Дидактикалық  ойындар,  жаттығулар,  логикалық  тапсырмалар  және 

ойын  жағдаяттары  арқылы  балалар  ой  саптауға,  өз  бетімен  шешім  қабылдауға  және 

қорытынды жасауға үйренеді, олардың шығармашылық ой-өрісі қалыптасады. 

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты – балалардың салыстыру, қорытындылау, заттар мен 

ұғымдар  арасындағы  кейбір  байланыстарды  анықтау  бойынша  алғашқы  ойлау 

операцияларын қалыптастыру. 



 

Бұл әдістемелік нұсқаудың негізгі міндеттері мынадай: 



– жиын туралы бастапқы ұғым қалыптастыру;  

– заттардың көлемімен, нысанымен, олардың кеңістіктегі арақатынасымен таныстыру; 

– көру және есту арқылы қабылдау қабілеттерін, зейінді, жадты, ойды дамыту

–  білімге  құштарлықты,  зейінділікті,  зерттеу  қызметіне  қызығушылыққа  тәрбиелеу 

міндеттерін шешуге бағытталады. 

Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған жұмыс дәптері  әзірленген. 

Бұл  материалдар  баланың  білімін  жүйелендіруге,  ҰОҚ-нің  тақырыбы  бойынша  түсінігін 

бекітуге мүмкіндік береді.  

Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар ҚМҰҚ бойынша мынадай тақырыптарды қамтиды: 

– сан және есеп; 

– көлем; 

– нысан; 

– кеңістікті бағдарлау; 

– уақытты бағдарлау. 

«Сан және есеп» тақырыбында балалар заттардың көлемі, нысаны және түстері 

әртүрлі болатынын, біреу немесе көп болатынын, кеңістікте әртүрлі орналасуы мүмкін 

екендігін біледі. Бір топтағы заттарды екінші топтағы заттардың үстіне салу және бір 

топтағы заттарды екінші топтағы заттарға жанастыру тәсілдерін пайдалана отырып, саны 

мен көлемі бойынша тең немесе теңсіз екендігін, екі зат топтарын (үш топ шегінде) қалай 

салыстыру керектігін, есептемей және санды атамай зат топтарының теңдігін немесе 

теңсіздігін қалай анықтауға болатынына үйренеді. 

Балалар қоршаған ортадан бір немесе бірдей көп заттарды таба алады. Олар «Неше?», 

«Қайсысы  көбірек?»,  «Қайсысы  азырақ?»  деген  сұрақтарды  түсінеді.  «Көп»  және  «бір», 

«көп»  және  «аз»,  «осынша»  («сонша»,  «соншалық»),  «қанша»,  «тең»  сөздерін  пайдалана 

отырып, осы сұрақтарға жауап беруді және заттарды оң қолымен солдан оңға қарай рет-

ретімен орналастыруды меңгереді. 

«Көлем»  тақырыбындағы  дидактикалық  ойындар  мен  жаттығулар  балаларда 

заттардың  көлемі:  үлкен  және  кішкентай  (өлшем),  ұзын  және  қысқа  (ұзындық),  жіңішке 

және жуан (ені), биік және төмен (биіктік), қалын және жұқа (қалыңдығы), бір затты бір 

заттың  үстіне  қою  және  жанастыру  тәсілдері  туралы  ұғымдардың  қалыптасуына  көмек 

көрсетеді.  

«Нысан»  тақырыбында  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  сезіну,  қозғау  және  көру 

тәсілдері  арқылы:  щеңбер,  шаршы,  үшбұрыш  пішіндерін  ажыратуды  және  атауды, 

геометриялық  пішіндерді  тауып,  оларды  қоршаған  орта  заттарымен  салыстыруды 

үйренеді. 

«Уақытты бағдарлау» тақырыбының мазмұны балалардың тәулік  бөліктерін ажырату 

және  атауды  қалыптастыру:  таңертең,  күндіз,  кеш,  түн.Балалар  тәуліктің  қарама-қайшы 

бөліктерін айқындай алады: таң – кеш, күн – түн. 

«Кеңістікті  бағдарлау»  тақырыбында  балалар  өз  дене  бөліктерінің  орналасуын  (бас, 

аяқ, қол) және өзіне тікелей жақын жердегі кеңістіктің бағыт-бағдарларын (оң жақ – сол 

жақ)  ажыратуды  және  атауды  үйренеді.  Әсіресе  балаларға  оң  және  сол  қолдарын 

ажыратуды  үйрету  маңызды,  өйткені  олар  жұмыс  дәптерлерінде  өз  бетімен  және  ересек 

адамдардың көмегімен бірлесіп тапсырмалар орындайды. 



 

Жұмыс  дәптерде  жұмыс  істеу:  «көп»,  «біреу»,  «бір-бірден»,  «бірде-біреуі  жоқ», 



«жоғары»,  «төмен»,  «тар»,  «кең»,  «ұзын»,  «қысқа»,  «жуан»,  «жіңішке»,  «оң»,  «сол», 

«таң», «күн», «кеш», «түн», және басқа да ұғымдарды бекітуге мүмкіндік береді. Әр ҰОҚ-

де  өтілген  материалды  бекітуге  және  қайталауға  арналған  тапсырмалар  іріктелген.  Бала 

орындай алатындай дәптердегі ойын жаттығулардың көлемі шағын. Балаларға дәптердегі 

тапсырманы ұсынудан бұрын, олармен бірге ұқсас тапсырмаларды орындаған орынды. 

Балалар  тапсырмаларды  өз  бетімен  немесе  педагогтермен,  ал  үйде  ата-аналарымен 

бірге  орындай  алады.  Ата-аналар  өз  балаларының  жетістіктерін  көріп,  бағалап, 

қиындықтарды  жеңуге  көмек  көрсете  алады.  Жұмыс  дәптердегі  тапсырма  бойынша 

жұмыс  жасау  мынадай  нәтижелерге  қол  жеткізуді  көздейді:  сурет  салуды,  заттарды 

бояуды,  заттарды  өзара  сызықтармен  қосуды,  нүктелер  бойынша  бастырып  сызуды, 

жапсырма желімдеуді. 

ҰОҚ-де  жапсырмаларды  пайдалану  балаларға  ерекше  ұнайды  және  уақытты 

үнемдейді. Осының барлығы қолдың ұсақ моторикасының дамуына  ықпал етеді.  Жұмыс 

дәптері  педагогке  сөздік,  көрнекілік,  ойын,  практикалық  оқыту  әдістерін  кеңінен 

пайдалануына мүмкіндік береді.  

Бастапқы  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру  бойынша  бағдарламаны  меңгеру 

нәтижесінде жыл соңында балалар: 

– қоршаған ортада көп және жалғыз затты таба біледі

–  заттарды  бір-бірінің  үстіне  қою  және  жанастыру  тәсілдерін  пайдалана  отырып, 

заттардың  топтарын  салыстыру,  заттардың  қайсысы  көп,  қайсысы  аз  екендігін  айту 

арқылы салыстыру нәтижесін белгілей алады; 

– екі затты көлемі бойынша салыстырып, заттардың қайсысы үлкен (кішкентай), ұзын 

(қысқа),  кең  (тар),  жоғары  (төмен),  жуан  (жұқа),  биік    (аласа)  екендігін  айту  арқылы 

сөздермен белгілеу; 

–  геометриялық  пішіндерді:  щеңбер,  шаршы,  үшбұрышты  ажыратады  және  атай 

алады; 


– мына сөздерді: «жоғары», «төмен», «сол жақ», «оң жақ» сөздерін түсіне алады; 

– тәуліктің қарама-қайшы бөліктерін айқындай алады: таң – кеш, күн – түн. 

Барлық  ҰОҚ-де  көркемсөз  қолданылады,  ол  бүкіл  ҰОҚ  барысында  көтеріңкі  көңіл 

күй орнатып, оқуға деген қызығушылық туғызып оның тиімді өтуіне ықпал етеді. Педагог 

көркемсөзді  пайдаланған  кезде  оны  кітаптан  оқымай,  жатқа  айтуы  тиіс.  «Жанды»  сөз 

балалар үшін тартымдырақ болады және есту қабілеттері дамиды. 

ҰОҚ-не  сергіту  сәттері  үйлесімді  енгізілген.  Олар  ұсақ  қол  моторикасын  дамытуға, 

көру-қозғалу үйлесімділігіне, сондай-ақ математикалық ұғымдарды бекітуге бағытталған. 

Билингвальді компонент барлық оқу қызметінде қамтылған.  

ҰОҚ-не дайындалған кезде мынадай жайттарға назар аударыңыз: 

–  ҰОҚ  басталғанға  дейін  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  жоспарынмұқият  оқып 

шығыңыз, көңіліңіз толмаған жерлеріне өзгеріс енгізіңіз; 

– ҰОҚ-не тыңғылықты дайындалыңыз, көрнекі және тарататын материалдарды дұрыс 

орналастыруды ойластырыңыз; 

– әрқашан «қарапайымнан бастап күрделіге қарай» ілгері жүру қағидасын ұстаныңыз; 

– балалар алдыңғы материалды меңгерген кезде келесісіне ауысыңыз; 




 

– баланың тапсырманы өзі орындауға ниетті болуына күш салыңыз; 



– бала тапсырманы дұрыс орындай алмаған кезде де оған құрметпен қараңыз. Сіздер – 

әріптессіздер! 

«Зиян келтірме» деген ережені сақтай отырып, баланың іс-әрекетіне тек қана оң баға 

беріңіз. 

Осы  әдістемелік  нұсқаумен  жұмыс  жүргізу  мектепке  дейінгі  жастағы  балалармен 

жүргізілетін жұмыстың мазмұнын байытуға, оларда бастапқы математикалық ұғымдардың 

қалыптасуына және келесі оқу кезеңіне дайындалуларына көмек көрсетеді деп сенеміз. 

Авторлар

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет