8
9. Тәулік бөліктері
Мақсаты:
таңертең – кеш, күн – түн сияқты қарама-қарсы тәулік
бөліктерін ажырату білігін қалыптастыру.
Міндеттері:
тәулік бөліктерін балалар мен ересектер әрекетінің
мазмұнының өзгеруі бойынша ажырата білуге үйрету; балаларды
дайын пішіндерді суретке жабыстыру кезеңдерін сақтау
тәсілдерімен таныстыру; жапсырмалармен жұмыс жасауда
мұқияттылыққа баулу.
10. Шаршы.
Үлкен – кіші
Мақсаты:
жаңа геометриялық пішінмен – шаршымен таныстыру.
Міндеттері:
балаларды геометриялық пішіндерді тануға және
атауға үйрету;шаршының түрлі көлемде (үлкен – кішкентай)
болатынын түсіну; жұмбақтар шешуді үйрену; шаршыны көру-
қозғау жолымен зерттеу білігін дамыту; шаршыны берілген
нүктелері бойынша бастырып жүргізу; топ бөлмесі мен қоршаған
ортадан шаршыға ұқсас заттарды көзбен табу білігін дамыту;
саусақтың ұсақ моторикасын дамыту; жаңа геометриялық
пішіндерді салуға қызығушылықтарын ояту.
Достарыңызбен бөлісу: