Ойын: «Мен көрсетемін, сендер атаңдар»
Фланелеграфпен жұмыс (ұзындығы мен ені бірдей екі жолақ: жасыл және көк түсті
20x5см)
Педагог жолақтарды көрсетеді. Оларды салыстырады, сол жақ шеттерін теңестіру
керектігін айтады. Саусағымен жүргізеді. Оң жақ шеттеріне қарайды,ешқандай жолақ
шығып тұрмағанын, демек олардың ұзындығы бірдей екенін айтады. Қайталаңдар ...
Үлестірме материалмен жұмыс.
(
3 жолақ:қызыл – 10x3см, сары – 10x3 см, көк – 15x3 см).
Педагог қызыл жолақты алып, салыстыру арқылы онымен ұзындығы бірдей жолақты
табуды ұсынады.
– Ұзындығы бірдей жолақтың түсі қандай?
– Қызыл және сары түсті жолақтардың ұзындығы қандай?
Қызылдан ұзынырақ жолақты тап.
Достарыңызбен бөлісу: |